Сәл ғана

күтіңіз

Висла жағалауындағы қала

Краков – Висла өзенінің жағалауында орналасқан Польшаның бұрынғы астанасы. Тарихи орталығы ЮНЕСКО тізіміне енгізіліген қала сәулет өнері ескерткіштерімен ерекшеленеді. Бұрын Польша корольдігінің астанасы болғандықтан, ұлттық құндылықтарды байқатып, елдің өткен тарихынан сыр шертіп тұрады. XХ ғасырдағы жоқшылық пен Екінші Дүниежүзілік Соғысты өткергенімен Краков Еуропадағы ең көрікті қалалар тізімінен түскен емес. Бүгінде ең арзан туристік орталық ретінде кеңінен танымал.

Қай ауданда тұрақтауға болады?

Краковтың Stare Miasto деп аталатын тарихи ауданы бар. Қалаға келген шетелдік азаматтардың басым бөлігі осы жерге тоқтайды. Вавел сарайы, християндық және еуропалық кварталдар да осында. Miasto –ның қонақ үйлері басқа аудандармен салыстырғанда қымбаттау. Ал, арзан хостелдардағы бөлмеге 1-1,5 ай бұрын тапсырыс беру қажет. Егер ақшаңызды үнемдегіңіз келсе, Zwierzyniec және Debniki аудандарына тоқтағаныңыз жөн. Қаланың бұл бөлігінен орталыққа дейін жаяу немесе автобус және трамваймен жетуге болады. Бір кемшілігі, Краковта туристке жатын орынды жалға алу қиын түседі екен. Сондықтан, қалаға келер болсаңыз, тоқтайтын жеріңізді дайындап алғаныңыз дұрыс.

Кала ішіндегі қозғалыс

Қала қатты үлкен емес. Сондықтан, орталықтан басқа аудандарға жету үшін жаяу жүрсеңіз де болады. Ал баратын жеріңіз тым алыс болса автобустар мен трамвайлар таңғы сағат 5:00-ден кешкі 23:00-ге дейін қатынайды. Түңгі маршруттардың бар екенін де ұмытпаңыз. Жол ақысы – 0,87 еуроны құрайды. Оған қоса, 20,40,60,90 минуттық және бір күндік жол жүру картасын алсаңыз біршама ақша үнемдейсіз.

 Тамақтану жүйесі

Краковқа келген турист тамақтану жайын уайымдамаса да болады. Өйткені қалада польшалық, еуропалық асханалар, фасфуд және барлар өте көп. Epsilon, Cień, Klub Gorączka, Coco, Ermitaz, Klub Basart сынды тамақтану орындары туристерге жоғарғы сапада қызмет көрсетеді.

Турист картасы

Аушвиц-Биркенау – Польшаның оңтүстігінде Краковтан 60км қашықтықта орналасқан Екінші Дүниежүзілік Соғыс кезіндегі ең танымал  конслагерь. Бұл жерде қаза тапқандардың саны әлі күнге белгілі болмаған. Қазіргі таңда туристер көп келетін мұражайларға айналған. Бәрі бұрынғы қалпында сақталып, келушілерге айытпаулырадың киімдер, ұстаған заттары,отырған камералар көрсетіледі. Осы уақытқа дейін кіреберіс қақпасындағы «Еңбек бостандыққа жібереді» деген жазу сақталған екен.

Король сарайы

Краковтағы туристік саяхатты Вавелда орналасқан король сарайынан бастаңыз. Қала мемлекет астанасын Варшаваға көшірмей тұрып әкімшілік және саяси орталық болғандықтан, сарай сол кезден қалған. Бұл жерде польшалық корольдер, австриялық әскерлер, немістер де тұрған. Сарай қарамағында бірнеше қамалдар, қорғандар мен часовнялар бар. Ішіндегі ең ерекшесі – Зигмунда. Оның сыртқы пішіні шіркеуге ұқсайды. Бүйгінде сарай, мұражай қызметін атқаруда.

Епископ сарайы

Сарайдың негізі XIV ғасырда қаланған. Бірақ ол өзінің заманауи келбетін XVII ғасырда Петр Гембицкий тұсында қалыптастырады. Ішінде Рим Папасы Иоан Павл Екіншіге арналған ескерткіш орнатылған

Казимеж – еуропалық қала. Тек XIX ғасырда Краковтың қарамағына өткен. Катаринf және Тела Господний қақпалары қалашықтың ерекше ескерткіштері. Бұл краков еврейлерінің рухани орталығы болып саналады. Ол жерде ескі зираттар көп.

Базар асты мұржай

Көптеген туристер Краков базарында жүріп, оның астында тарихи архетиктуралық мұражай орналасқанын біле бермейді. Қазба жұмыстары нәтижесінде табылған ескі зираттар, тиын-тебендер, тұздар, қашалған тастар сынды ерекше артифактарды базар асты мұражайдан көре аласыз.

Дайындаған: Дана РУСЛАНҚЫЗЫ

NAR.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған