Сәл ғана

күтіңіз

Үй жұмысын орындайтын бағдарлама

Қытайлықтар ойлап тапқан Yuanfudao деп аталатын оқушыларға үй тапсырмасын орындауға, емтиханға дайындалуға көмектесетін бағдарлама 2018 жылы 300 миллион доллар қаржы тапты. Бұл 2017 жылғы көрсеткішке қарағанда 180 миллионға артық. Ол уақытта стартап 1 миллиард долларға бағаланса, бүгінде ол үш есеге өскен.

Yuanfudao бағдарламасы қолданушыларына әртүрлі онлайн курстар, емтихан базасын ұсынып, үйге берілген жаттығуларды орындауға бағыт-бағдар беріп отырады. Оқушы бар болғаны тапсырманың мәтінін ұялы телефон камерасына жақындатып, әп сәтте дұрыс жауабын ала алады. Оған қоса бағдарламаның жасанды сананы басқаратын орталығы бар.

Yuanfudao-ның басты инвесторларының қатарында Tencent, Warburg Pincus, Matrix Partners China және IDG Capital сынды ірі компаниялар бар. Олар жобаға 120 миллионға жуық қаржы салған. Бұл қаражат бағдарламаны дамытуға жұмсалатын болады. Қазіргі таңда 200 миллионға жуық мектеп оқушылары мен ата-аналар, мұғалімдер бағдарламаның тұрақты қолданушысына айналған.

Дайындаған:Дана РУСЛАНҚЫЗЫ

NAR.KZ

2 thoughts on “Үй жұмысын орындайтын бағдарлама

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған