Сәл ғана

күтіңіз

Ұшақ прототипі әуеге ұшырылды

2018 жылдың желтоқсанында Флорида штатындағы Уэст-Пальм-Бич кәсіпорынында SB>1(сериялық нөмірі 0001, тіркеу нөмірі N100FV) тікұшағының прототипі әуеге ұшырылды.

2015 жылдан бастап Sikorsky және Boeing  АҚШ әскеріне арналған жаңа көпсалалы – SB>1Defiant тікұшағын жасауды қолға алған. Құрылғыны 2030 жылы қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.  Жылдамдығы жоғары Х2 және S-97 Raider модельді тікұшақтардағы кемшіліктерді ескеріле отырып жасалған SB>1Defiant әлдеқайда қолайлы болмақ.

Техниканың крейсерлі жылдамдығы 460 км/сағатқа жетіп, толық жабдықталған 12 десантты тасымалдай алады. Ұшу салмағы 13,6 тоннаны құрайды. SB>1Defiant-тың артқы бөлігінде винттік схемасы жақсы дамып, жетілдірілген. Оны екі ұшқыш басқарады. Экипаж құрамы 4 адам болуы шарт. SB>1Defiant-те аэродинамикасын арттыратын ауыспалы қондырғылары бар.

Әуе сынақтарын жүргізу барысында қозғалтқышы, трансмиссиясы, жанармай және гидравликалық жүйелері жеке-жеке және лабораториялық негізде тексеруден өттіп, жарамдылығы дәлелденді.

NAR.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған