Сәл ғана

күтіңіз

«Байлар қалай ойлайды?»

Бай болғыңыз келе ме? Бұл сұраққа 99% адам «иә» деп жауап берері сөзсіз. Қазіргі таңда байлыққа жетудің қыр-сырын үйрететін сан түрлі трейнингтер мен кітаптар бар. Қазақ тілінде жүзден аса, ал ағылшын, орыс тілдерінде  миллиондаған автордың осы тақырыптағы жазған дүниелерін таба аласыз. Бірақ, олардың бәрі бірдей сізге көмектесе бермейді. Сондықтан,  бизнес туралы туындыларды талғап оқығаныңыз жөн.

Сіздерге ұсынарымыз Стив Сиболдтың «Байлар қалай ойлайды?» кітабы. Стив Сиболд – әлемдегі жас миллионерлердің бірі, әрі ол Наполеон Хиллдан кейін байлыққа жетудің алгоритмін жазған бірден-бір автор. Стив кітапты жазбас бұрын мыңнан аса миллионерлер мен миллиардерлерден сұхбат алған. Ол үшін Стиболдтың жиырма алты жылы кеткен. Осы уақыт аралығында ол әлемдегі ең бай адамдармен араласып, табысты болудың мәні ақшада емес екенін ұғынған екен. «Бай болу да мамандық сияқты. Байлық ақшамен емес, менталитетпен байланысты. Бай болғыңыз келсе, байларша ойлаңыз. Егер дұрыс ойласаңыз әрекетіңіз де нәтижелі болмақ». Автордың айтпақ ойы осындай. Кітапта қарапайым адамдардың жіберетін қателіктері көрсетіліп, байлардың негізгі қарулары айтылған. Мысалы, кейбір адамдар жердегі барлық жамандыққа себеп болатын түбір ақша, байлық деп санайды. Егер сіз де осылай ойласаңыз, қарапайым адам болғаныңыз. Себебі байлар жамандыққа ақша емес, кедейлік жеткізеді деп түсінеді. Қарапайым адамдардың ойынша нарықта жұлдыз болу үшін логика мен стратегия керек, ал байлар сараңдық пен эмоцияны пайдаланады екен. Қалталылар ақшаны жаратуға машықтанған болса, орта тап өкілдері үндемегенге үйреніп алған. Мәселен қарапайым адам құны миллион доллар тұратын трейнингтен миллион нәрсе үйренгісі келеді (көбісі трейнингке бола ондай ақшаны құртпайды), ал бай адамдар бір нәрсе болсын үйреніп, соны трилионға айналдырады. Қалай екенін кітапты оқығанда түсіне аласыз. Шынайы өмірден алынған туындыда адамдардың өмір жолынан үзінділер келтірілеген. Кітаптың артықшылығы ол алдымен сізге қатеңізді көрсетеді, содан соң ғана жаңа жолға бастайды. Екінші болудан жалықтыңыз ба? Ендеше «Байлардың қалай  ойлайтынын» біліп алыңыз.

2 thoughts on “«Байлар қалай ойлайды?»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған