Сәл ғана

күтіңіз

Әлемнің арзан шипажайлары

 «Шипажай» сөзін естіген кезде бәріміз бірден табиғаты керемет демалыс орындарын елестетеміз. Жалпы «шипажай» сөзі немістің «kur»ем , «ort»– жер деген сөздерінен шыққан. Демалып, саяхаттап қана қоймай, түрлі ем шараларын қабылдап, денсаулығын жақсартқысы келетін оқырмандарымызға бағасы қалта көтеретін арзан үш шипажай жайлы ақпарат ұсынамыз.

  Сочи (Ресей)

Сочи Қара теңіздің жағалауында орналасқан, әлемге танымал жазғы шипажай. Ол еуропадағы ең ұзын демалыс орны болып табылады. Сочи туристерді климтаның ерекшелігімен қызықтырады. Мұнда тек теңіз бен күнді тамашалап қана қоймай түрлі ойынсауық шараларына да қатыссаңыз болады. Атпен жүру, рафтинг, суда жүзу тіпті әуе шары бар, соныман қатар сапалы сауда жасауға да болады. Жыл сайын Сочида 3 миллионнан астам туристер демалып, денсаулығын жақсартады. Мұндағы демалыстың орташа құны тәулігіне 20000 тенгені құрайды. Бірақ арзан тұрғын үй тауып, тамақ Шығынын азайта аласыз

Гагра (Грузия)

Қара теңіздің жағалауында орналасқан  Гаграда сіз пальмаларды, жемістер мен тасты жағажайларды тамашалай аласыз. Жүзу маусымы мамырда басталып, қараша айында аяқталатын Гаграның керемет климаты, демалыс үйлер мен санаторийлер, емдік гидропатикалық орталықтары және медициналық жағажайлары бар. Мұнда жыл сайын жарты миллионнан астас адам келеді. Гагра қаласы өте әдемі жерлерге бай. Мәселке ханзада Олденбург қамалы, Марлинский күзет мұнарасы, ағаш суреттер көрмесі т.б. Жергілікті тұрғындарынан тәулігіне 4500 тенгеге пәтер жалдауға болады. Ал тамақатары арзан және өте дәмді .

Петровац (Черногория)

Петровац – арзан Еуропалық курорттардың көшбасшысы. Таза жағажай және керемет табиғатымен таңқалдыратын жерде демалу күніне 1500 тенгені құрайды. Петровацты зәйтүн және қылқан жапырақты тоғайлар қоршап тұрғандықтан, қаланың ауасы таза және шипалы болып саналады. Бұл жер отбасымен демалуға өте қолайлы. Ал қауіпсіздік жағы өте мықты. Жағажайларында жүзу үшін сіз қолшатырлар мен күн төсеніштерін, сондай-ақ қайықтар мен катамарандарды жалға ала аласыз.

Дайындаған: Ұлпан АРХАТҚЫЗЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған