Сәл ғана

күтіңіз

Қазақ мәдениетінің қарашаңырағы

Қазақ халқы рухани және материалды мәдениетке өте бай ел болып келеді. Әлемдік мәдениетке, түркі мәдениетінің дамуында үлкен үлес қосқан, тарихы тереңде жатқан халықпыз.

Қазіргі дамыған заманда ғылым мен білім өзінің шарықтау шыңына жетіп,  әлі де жаңалықтар жасап, үздіксіз дамып отыруда. Үздіксіз ақпараттар алмасып, ақпараттық технологиялар мен техника дамыған заманда адам баласы өз тарихын, мәдениетін шетке шығармай, рухани өмірін дамытып отыру керек. Қазақстан егемендік алуымен байланысты қазақ халқының рухани өмірінде мәдени жаңа процестер кеңінен өріс алды.

Мәдениетімізде туындаған мәселерді шешуде, жаңа мәдени процестерді зерттеуде мәдениеттанушы мамандар өте үлкен жұмыс атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Мәдениеттану» мамандығының қара шаңырағы болып келеді. Жыл сайын жас мәдениеттанушы  мамандарды өз ұясынан ұшырып, берілген білімнің арқасында жарқын, әрі сенімді болашаққа кепіл береді. Болашақ маманды оқыту барысында келесі кәсіби құзіреттіліктер, дағдылар қалыптасады: көрме, экспозициялық қызмет, мұражай ісін ұйымдастыру дағдылары; әкімшілік-саяси қызметтің мәдени аспектілерін қалыптастыру (іскерлік қарым-қатынас мәдениеті, имидж-мейкинг, бизнес-этикет); өнер, баспа қызметі, клубтық жұмыс, модельдік бизнес саласында менеджерлік қызметті жүзеге асыру; медиа саласындағы ұйымдастыру қызметі; БАҚ, әкімшілік мекемелерде мәдени талдау, болжам жасау.; қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар арқылы мәдени, педагогикалық, ағартушылық қызметті іске асыру; круиздік кемелердің бос уақытты ұйымдастыру қызметін қоса алғанда, бұқаралық, мәдени іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру, практикалық іске асыру; мәдениетаралық халықаралық байланыстарды белгілеу; мәдени, көркем құндылықтарды мемлекет шегінен тыс жерлерге әкетудің кедендік сараптамасы.

Университет қабырғасында жинаған білімі мен тәжірибесі болашақ маман үшін өте маңызды болып келеді. Еліміз бен мәдениетіміздің дамуына үлкен үлесін қосып, ғылым мен білім саласында маңызды жұмыс атқаратынына көз жеткізуге болады.

Фил.ғ. докторы, профессор  Исмагамбетова З.Н.

«Мәдениеттану» мамандығының 2 курс магистрантыЖексенбаева М.А.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған