Сәл ғана

күтіңіз

Дүкеннен алған затты үйге жеткізіп беретін робот-көмекші

Piaggio Fast Forward  компаниясы осыдан екі жыл бұрын Gita деп аталатын зат тасымалдайтын роботты жасап шығарған болатын. Осы уақытқа дейін көмекші құлтемірдің кемшіліктерімен жұмыс жасаған компания 18 кг дейін жүк тасымалдайтын құрылғыны дамыған сериялық модельге айналдырды, деп хабарлайды Nar.kz ақпараттық-танымдық порталы. 

SLAM технологиясының арқасында иесіне мойынсұнатын робот маршруттың 3D картасын жасай отырып, картаны борттық компьютердің жадына бекітуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, стерео бейне жүйесінің көмегімен  Gita автономды миссияларды атқарып, иесіне еріп жүрмей-ақ өздігінен қозғала алады.

Gita құлтемірін құрастырушылардың басты мақсаты –  адамның қолы бос болмаған кезде жүкті тасымалдау жауапкершілігін өз мойнына алатын, визуалды сенсорларды қолдана отырып берілген бұйрықты орындайтын механизім жасау болатын.

Алайда әлі күнге дейін құлтемірдің бірнеше кемшіліктері бар. Gita баспалдақтан шыға алмайды. Ол қазір тек тегіс жерде қозғалуға қауқарлы. Баспалдақ, тас, шөп, топырақ, құм сынды кедергілерді робот басып өте алмайды. Сонымен қатар, инженерлер роботтың жылдамдыған 35км/сағаттан  9,5 км/сағатқа дейін азайтып тастаған.

Gita қозғалыс барысында қуаты аз болатын болса, дыбыс және жарық сигналдарын береді. Робот иесінің смарфонына Bluetooth арқылы жалғанады. Gita-ның салмағы 22,7 кг құрайды. Қуаттау қарапайым резетка арқылы 2 сағат ішінде жүзеге асады. Бұл қуат көзі роботтың 4 сағат жұмыс істеуі үшін жеткілікті.

Gita құлтемірі 18 қарашадан бастап сатылымға шықты. Сіз оны 3250 долларға сатып ала аласыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған