Сәл ғана

күтіңіз

Туризмді дамытуға арналған ең үздік IT жобалар анықталды

Нұр-Сұлтанда туризмді дамытуға арналған инновациялық жобалар байқауы мәресіне жетті, деп хабарлайды Nar.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Байқауға қатысушылар белгілі бір талаптарға сай ІТ-өнім әзірлеуі керек болатын. Ең алдымен, қалаға келетін туристерге ыңғайлы болуы үшін мобильді қосымша дайындап, виртуалды туроператордың жұмысына өзгеріс енгізу талабы қойылды. Яғни күрделі тур жолдарды 24/7 365 форматында онлайн жасау қажет еді. Оған қоса, қатысушыларға онлайн алаң ұйымдастырып, авиабилеттер туралы ақпаратты топтастыру үшін платформа құру міндеті  жүктелген.

Байқауға қатысуға 157 адам өтініш берген болатын. Олардың ішінен 12 команда финалда бой көрсетіп, ең үздік үш топ жеңіс тұғырынан көрінді.

Жүлделі бірінші орынды «Tourer» жобасымен «Team/o» командасы иеленген болатын. Бұл жоба арқылы кез келген адам үйден шықпай-ақ онлайн саяхат жасай алады.

Ал, екінші орынды қанағат тұтқан «SuInnovations» тобы аймақта өткізілетін іс-шаралар туралы деректерді автоматтандыру бойынша сервисі бар бағдарлама ойлап тапқан.

Алғашқы үштіктен бой көрсеткен «Google» командасы «Виртуалды туроператор» жобасын ұсынған болатын.  Бұл бағдарлама саяхаттқа арналған күрделі маршруттарды құрайды.

Аталған іс-шараны  қала әкімдігі «Астана Innovations» АҚ, сондай-ақ «Kazakh Tourism» ҰК АҚ, «Астана Конвенцшн Бюро» ЖШС, Astana IT University және Henry Technologies компанияларының қолдауымен ұйымдастырған.

Естеріңізге сала кетейін, 2017 жылдың басынан бастап «Астана Innovations» АҚ 15 стартап-байқау өткізген болатын. Іс-шараға республиканың әр өңірінен 5000-нан астам адам қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған