Сәл ғана

күтіңіз

Әлемдегі ең кішкентай принтер сатылымға шықты (видео)

The God Things компаниясы әлемдегі ең кішкентай принтерді ойлап тапты, деп хабарлайды Nar.kz ақпараттық-танымдық порталы.

PrinCube принтерінің көлемі –  72 x 51 x 68 мм, салмағы – 160 грамм. Ол кез келген телефонға Wi-fi арқылы қосылып, басып шығарылуы тиіс мәтін мен суреттерді жүктейді.

Сөмке принтері қағаз бетіне ғана емес, ағаш, металл, пластик пен мата, тіпті адамның терісіне қажетті ақпаратты басып шығаруға қауқарлы. Шағын принтердің 1200 нүкте/дюймдық рұқсаты бар.

Бір картриджі 415 бет  А4 парақ шығаруға жетеді. Қуат көзі 6 сағат бойы үздіксіз жұмыс істей алады.

The God Things Android және iOS үшін арнайы қосымшаларды ойлап тапты, аталған гаджетке қызығушылықты арттыратыны сөзсіз. Indiegogo краудфандинг алаңындағы науқан компания үшін сәтті болды. Оған қоса, 1,5 миллион доллар жинап, алғашқы бағадан асып түсті. Шараның аяқталуына әлі үш апта барын ескерсек, бұл үлкен жетістік.

Қазіргі уақытта шағын принтерді 99 долларға сатып алуға болады. Болашақта оның бағасы екі есе артады деп болжануда. TheGodThings хабарлағандай, гаджеттерді сату келесі айда басталады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған