Сәл ғана

күтіңіз

1 млн доллар: Білім беру саласындағы кәсіпкерлерге премия табысталады

Миллиардер Рыбаков білім саласындағы ең үздік кәсіпкерге 1 миллион доллар премия табыстайды, деп хабарлайды Nar.kz ақпараттық-танымдық порталы.

Forbes ресейлік миллиардер Игорь Рыбаков пен оның жары Екатеринаның жеке қорымен бірлесе отырып, білім саласында өзгеріс енгізген кәсіпкерлерге байқау жариялайды. Бас жүлде – 1 миллион АҚШ долларын құрайды. Жыл сайын өткізу жоспарланған байқауға кәсіпкерлер, әлеуметтік инвесторлар мен білім реформаларын жүзеге асыратын мамандар қатыса алады. Жеңіске жету үшін олар мектепке дейінгі және мектеп  бағдарламасында жаңа инновациялық жобалар ұсынуы керек.

Rybakov Prize байқауының жартылай финалы 1-желтоқсанда Берлинде өтетін болады. Forbes саммтиінде жүзеге асатын шарада 5 үміткер өнер көрсетеді.

Берлинде өткен жартылай финалда жеңіске жеткендер 2020 жылы Мәскеуде өтетін финалда жарысқа түседі. Ресей үшін үздік бағдарлама ойлап тапқандарға басымдық болатынын айтады ұйымдастырушылар.

«Біздің қор реформаторлар алаңы. Біз әлемді жақсартқысы келетін кәсіпкерлерді қолдаймыз», – деді Forbes контент директоры Рэндалл Лейн.

«Осы жартылай финалды Рыбаков қорымен бірлесе отырып, білім беру инноваторларына нақты капиталға қол жеткізуге, жетекші инвесторлардың назарын аударуға және өз идеяларын таратуға мүмкіндік тудырамыз», – дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, байқауға қатысу үшін өтініштер қарашаның 19-жұлдызына дейін қабылданатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған