Сәл ғана

күтіңіз

Біз білмейтін тұңғыштар

«Соңғы түйенің жүгі ауыр»  деген  тіркесті жиі еститін боларсыздар.  Бұл шынайылыққа жанасады делік. Алайда «Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес», – дейді отыз бірінші қара сөзінде Абай Құнанбайұлы. Яғни, кез келген істе алғашқы болу қалай десек те қиынның-қиыны. Назарларыңызға ешқандай кедергілерге қарамастан өз ісінде оза шауып тұңғыш болғандарды ұсынамыз. Біле жүріңіз!

 

Тұңғыш академик

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – ең алғашқы кен инженері, профессор, геолог-ғалым, менерология ғылымдарының докторы. Қазақстан ғылымының негізін қалаған. Қазақ ССР Ғылым Академиясының шаңырағын көтерген және оның тұңғыш президенті. Ғылым саласында алғашқылардың бірі болып, Лениндік сыйлық алған. Сонымен қатар, мемлекеттік сыйлық лауреаты. Қазақта тұңғыш аспан денелеріне есімі берілген ғұлама.

Тұңғыш кәсіби дережер

Шамғон Сағаддинұлы Қажығалиев – Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, профессор. Халық аспаптар оркестрін басқарып, халық музыкасы аспаптарын жаңартып, репертуарға әлемдік классикалық туындыларды енгізді. Музыканттарының орындаушылық шеберлігі мен кәсібилігін шеберлігін көтеріп, мәдениетін шыңдай түсті. «Құрмет», «Қызыл Ту» орденінің иегері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Тұңғыш психолог

Тәжібаев Төлеген – қоғам қайраткері, академик, педогогика ғылымдарының докторы, профессор. Психологияның негізгі мәселелеріне зерттеу жүргізіп, өз саласының қыр-сырын жетік меңгерді. Классикалық психологияның қалыптасуы мен тарихын зерттеген. Қазақ тілінің ғылыми психологиялық терминологиясын жасап шығарған.

Тұңғыш кәсіби кинооператор

Ескендір Мұхамеджанұлы Тынышбаев- кинооператор. Сан түрлі деректі бейнефильмдер, құжатты кинолар мен телефильмдерді түсірді. Әдеби-сахналық қойылымдар мен әсерлі кадрларды көрерменге ұсыну арқылы қазақтың түғыш кәсіби операторы бола білген.

Тұңғыш дәрігер

Қарабаев Мұхамеджан Қарабайұлы – дәрігер. Қазан, Орынбор, Қостанай, Тройцк қалаларында қызмет атқарып, өмір мен өлім арасында жатқан науқастарды аман алып қалған. 40 жыл бойы еліміздің денсаулық сақтау ісін дамытып, жетілдіруге, кәсібилендіруге үлес қосқан.

Тұңғыш математик

Әлімхан Әбеуұлы Ермеков – Алаш азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері, математикадан тұғыш қазақ профессоры. Сол кездің өзінде Ағылшын, Неміс, Итальян, Француз тілдерін жетік меңгерген. Сұлтанмахмұт Торайғыров:

Томдағы инженерлік сабағында,

Жетеді біл жылдан соң тамамына.

Өткізбекші өмірін ілім үстінде,

Бір түрлі биіктік бар талабында, -деп Әлімхан Әбеуұлына өлең жолдарын арнаған.

Тұңғыш заңгер

Бақытжан Қаратаев – саясаткер, демократ. Өзінің білімділігі мен қазақтың жерінің өзіне тиесілі екенін дәлелдеуге барын салып, ақыл-парасатын көрсеткен. Қиын қыстау кезеңнің өзінде өз ісінің шебері, заңды жетік меңгерген алғыр адам болған.

Тұңғыш режисер

Жұмат Шанин – халық әртісі, дамматург, театр қайраткері. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында кино, театр, музыка өнеріне өшпестей із қалдырған. Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театры мен Абай атындағы опера және балет театрының негізін қалаған еліміздің жарық жұлдызы, өнер майталманы.

Тұңғыш альпенист            

Қазыбек Уәлиев – елімізге еңбек сіңірген спортшы. Миллиондаған қашықтықты бағындырып, биікке ұмтылған бірегей жан. Ерік жігері мен күш-қайратының арқасында Эверестей алып шыңның ұшар басына табаны тиген тұңғыш қазақ.

Тұңғыш Нобель сыйлығын иегері

Достай Раманқұлов  – АҚШ-тағы Қазақстан елшiлiгiнде ғылыми-техникалық кеңесшiсi болып еңбек еткен.1998 жылдан берi атомдық энергия бойынша халықаралық агенттік ұйымында жұмыс iстейдi. Осы ұйымда істеп жүріп, адамзат үшін аса маңызды делінген ядролық қауіпсіздікті сақтауда білек сыбанып еңбек қылған Достай Раманқұлов  Нобель сыйлығының лауреаты атанды.

Тұңғыш саяхатшы

Әліби Жангелдин – жер шарын айналған қазақтың алғашқы саяхатшысы. Ол өзінің жолын үш серігімен жаяу жүріп өткен. Қазақ кинодокументалист-зерттеушісі, қазақ туризмінің негізін қалаушысы, рухани күші мен қуатын жия отырып, халық әндерін домбырада үніне салып, нақышына келтіре орындаған икемді және дарынды келген талап иесі, мәдениет ұйымдастырушысы.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған