Сәл ғана

күтіңіз

Робот-хирург адамның жүрегіне ота жасады

Робот-хирург адамның жүрегіне ота жасады

Телероботталған медицинаның танымалдығы артып келеді. Бүгін Үндістанда құлтемір адамның жүрегіне ота жасауға көмектесті, деп хабарлайды Nar.kz ақпараттық-танымдық порталы.

Үндістандық дәрігер Тежас Патель және Ахмедабаттағы жүрек институты жүрек қан тамырларына стент орнату үшін құлтемірдің күшін қолданған. Олар 35 км қашықтықта ота жасап, телероботталған медицинаның дамып келе жатқанын дәлелдеді. Дәрігерлер CorPath GRX деп аталатын робот-хирургты басқарып, отаны ойдағыдай аяқтаған.

Осыған дейін жасалған тәжірибелер барысында дәрігер-оператор науқасқа жақын жерден от жасаса, қазіргі таңда роботты қайта өңдеп, оған камера, ғаламдор қосып, арақашықтық ұзартылды. Сақтық үшін екі дәрігер науқасты бақылауға алған болатын. Алайда, робот-хирург алдына қойылған кедергіден сүрінбей өтіп, ота жақсы аяқталды. Бұл құлтемір арақашықтықта жедел медициналық көмек көрсету үшін таптырмас мүмкіндік болып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, телемедицина – технологияның сұранысқа ие жаңа бағыты. Қазіргі таңда АҚШ ауруханаларының 8%-ы осы жүйеге көшіп үлгерген. Ал Үндістан дәрігерлерінің бұл тәжірибесі робот-хирургты кез келген мемлекет медицинасында қолдана алатынын дәлелдеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған