Сәл ғана

күтіңіз

Сауд Арабиясы туристерді қабылдайтын болды

Сауд Арабиясы туристерді қабылдайтын болды

Сауд Арабиясы корольдігі туристерді қабылдайтын болды, деп хабарлайды Nar.kz ақпараттық-танымдық порталы Reuters басылымына сілтеме жасап. 

Сауд Арабиясы туристер үшін жаңа визалық режимнің ашылғанын жариялады. Бұл жүйе бойынша 27 қыркүйек күні алғашқы шетелдіктер шекарадан өткен. Қазіргі таңда 49 мемлекеттің тұрғындары Сауд Арабиясына бара алатын болды.

Визаның құны 80 АҚШ долларын құрайды. Тіпті бұл елге енді жалғыз басты аналар да кіре алады екен. Сыртқы істер министрі Ахмед аль-Хатиб шетелдік аруларға абаю кимей жүруге болатынын айтты. Дегенмен, қыз-келіншектер жағажайларда және қала ішінде ашық емес, жинақы киімде жүрулері керек.

Қазіргі таңда Сауд Арабиясына кіруге рұқсат етілген мемлекеттердің тізімі толық шыққан жоқ. Дегенмен, АҚШ, Қытай, Жапонияның бұл тізімге алғашқылардың бірі болып қосылғаны туралы Ахмед аль-Хатиб ашып айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың қыркүйегіне дейін Сауд Арабиясына тек бизнеспен айналысатын туристер мен Мекке, Мәдинаға виза алған саяхатшылар ғана бара алатын болған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған