Сәл ғана

күтіңіз

«Қызыл Ай» қоғамдық қоры құрбандық шалды

Қазақстанда осымен үшінші құрбан айтты қарсы алып отырған Түркиялық Қызыл Ай қоғамдық қоры биылғы жылы жылдағы дәстүр бойынша екі жүз бас ірі қара сойып мұқтаж жандарға таратты, деп хабарлайды Nar.kz ақпараттық-танымдық порталы.

Құрбандыққа шалынған мал былтырғы жылы Оңтүстік Қазақстан халқымен Алматы қаласы және қала маңындағы ауылдарға таратылса, биыл ауқымы көбейіп, Арыс, Түркістан Талдықорған қалалары мен елдімекендеріне дейін жеткен. Сондай ақ Арыс қаласындағы ДЦП мен ауыратын сәбилерге де қаржылай көмек көрсетілді.

Бақылау комисиясының мүшесі Ердоған Кысажық мырзаның айтуынша Түрік елінен осындай гуманитарлық көмек әлемнің елуден аса мемлекетінде жасалуда. Сондай ақ тек құрбан айтта ғана емес басқа да көмектер мәселен тұрмыс деңгейі төмен елдерде азық түлікпен, киім кешекпен қамтамассыз етіп, ауыр науқасы бар отбасыларға қаржатпен дәрі дәрмегін алып беруге жәрдемдеседі екен.

Үш күн қатар Қызыл Айлық бақылау мүшелері өздері бірге жүріп, Алматы қаласындағы бірқатар мешіттер мен балалар үйіне соқырлар қоғамдық үйіне арнайы барды. Көп балалы отбасыларға да сыйлықтарын алып, үйлеріне кіріп шығуды ұмытпады.

«Біз Қазақстанда не болып жатқанын жалпы жаңалықтардан ғана естіп біліп отырамыз. Ал сіздерге қандай көмек қажет екенін білмейміз, сіздер медиа өкілдерісіздер алдағы уақытта журналисттердің көмегімен біз мұқтаж жандарға көмектесетінімізге сенімдіміз. Сондықтан сіздермен байланысымызды үзбейміз» деді Ердоған Кысажық.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған