Сәл ғана

күтіңіз

Әлемдегі жер көлемі бойынша ең үлкен қаланы білесіз бе?

Жер көлемі бойынша әлемдегі ең үлкен қала -Қытайдағы Чунцин қаласы, деп хабарлайды Nar.kz ақпараттық-танымдық порталы.Чунцин қаласы – Қытайдың орталық бөлігінде орналасқан, ауданы 82400 шаршы шақырымды құрайды. Бұл жер көлемі тек қаланың аумағы ғана емес сонымен қатар қаланың қарамағындағы аудандарды да қамтиды. Осы күнгі ресми мәліметтерге сүйенсек, қала шығыстан батысқа қарай – 470 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай – 450 км ды құрайды. Чунцин қаласының жер көлемі Австрия секілді елдің жер аумағымен бірдей. Халқының саны соңғы есептеулер бойынша – 8, 8 миллионға дейін жеткен.

Чунцин тарихи қала болғандықтан 3000 жылдан бері Цялинцзян мен Янцзы деген өзендердің аңғарында тұр. Қала әкімшілік жағынан 19 ауданға, 15 уездікке және 4 автономиялық округке бөлінген.

Табиғатына келетін болсақ өте қолайлы. Қала үш таумен қоршалған. Солтүстігінде – Дубашан, оңтүстігінде – Далушан, шығысында – Вушан таулары. Чунцин таулы ландшафты жерде орналасқандықтан оны «тау қаласы» деп атап кеткен. Ол теңіз деңгейінен 243 метр биіктікте орналасқан.

Және де қала әлемге «хого» деп аталатын тағамымен және ащы сорпасымен әйгілі болған. Кішкене ащы бұрыш қаланың символы болып саналады.

Қала өте ескі болғандықтан аспанмен астасқан жаңа зәулім ғимараттар тек соңғы 10 жылдан бері ғана салынып жатыр. Қаладағы туристтерге баруға кеңес беретін көрікті жерлер: Элин саябағы, Лянцзянтин мұнарасы, Дацзу жартастағы суреттері, Бейшан тауларындағы жартастағы суреттер, Үш шатқал, «Джейд итбалықтары» нефритті бекінісі, Чжан Фэй шіркеуі, Чунцин су паркі болып табылады. Қалаға саяхаттасаңыз еш өкінбейсіз. Сапарларыңыз сәтті болғай!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған