Сәл ғана

күтіңіз

Instagram лүпілдерді көрсетпейтін болды

Алты мемлекеттің инстаграм желісінің қолданушылары посттардың астындағы лүпіл санын көре алмай отыр, деп хабарлайды Nar.kz ақпараттық-танымдық порталы.

Инстаграмдығы жаңару Австралияға, Бразилияға, Италияға, Ирландияға, Жаңа Зеландия мен Жапонияға әсер етті. Жаңа дизайнды сынақтан өткізген елдің алғашқысы Канада болып отыр. Бұл қызмет көктемнен бері өшірілгенімен шілденің ортасынан бастап инстаграмдағы лүпілдер канадалық қолданушылардың лентасына қайта оралды.

Әлеуметтік желі қолданушылары үшін бұл жаңалық сәуір айында шыққан болатын. Инстаграм өкілі қолданушылар ең бірінші лүпілге емес, жазбаларға мән беруі керек дейді.

2018 жылғы мәліметтерге сүйенсек инстаграмға әлем бойынша 1,1 миллиард адам тіркелген екен. Танымал болу үшін кейбіреулер лайк санын да сатып алады, әсерлі фотосуреттер жасап шығару жолдарын іздейді, сонымен қатар мақұлданған топтарға тіркеліп, бір-біріне лайк басып, айырбас жасауға дайын тұрады. Міне осы оқиғаларға байланысты өндірушілер әлемдегі инстаграм желісін қолданушылар үшін лайк санын мүлдем көрсетпеуді жөн санап отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған