Сәл ғана

күтіңіз

«Славян базары-2019» байқауының жеңімпазы: Әділхан Макин туралы не білеміз?

Қазақстандық жас әнші Әділхан Макин «Славян базары-2019» байқауының жеңімпазы. Ел намысын қорғаған әнші туралы ақпаратты Nar.kz ақпараттық-танымдық порталы назарларыңызға ұсынады.

Әділхан Макин 1994 жылы 5 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы, Петропвл қаласында дүниеге келген. Отбасында әкесі, анасы, Әділхан және інісі бар. Әділханның бала күнінде «Макин» деген тегін көп адам лақап аты екен деп ойлап қалады екен. Дегенмен бұл жас әншінің негізгі тегі болып табылады.

Музыка мен спортқа Әділхан кішкене күнінен бастап қызыққан. Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезде Петропавл қаласында өткізілетін «Радуга», «Творческая весна», Халықаралық «Бозторғай», «Жаворонок» сынды байқауларға қатысқан.

Мектепті тәмәмдаған соң 2011 жылы Әділхан Қазақ ұлттық өнер университетіне «Актер шеберлігі» мамандығына оқуға түседі. 2012 жылы «Alliance Francaise» байқауының дипломанты болып, жас орындаушылар арасында өтетін  Ұлттық «Жас қанат» байқауының финалисі атанады.

2013 жылы Халықаралық «Шабыт» байқауының II орын иегері, 2014 жылы өткізілген «Қазақстан дауысы» жобасының жартылай финалының қатысушысы.

Димаштың жолын қуған жас та болса талантты әнші 2016 жылы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының «эстрада әншісі» мамандығына тапсырады. Сол жылы Еуразия мәдени қорының степендиаты атанады.

2017 жылы Белград қаласындағы  Қазақстан Республикасының елшілігінің қолдауымен өткізілгент «Сербиядағы Қазақстан мәдениетінің күндері »  атты концертке қатысады.

2018 жылы «Silk Way Karaoke Battle» байқауының бірінші орынын қанжығасына байлап, «X-Factor» жобасының финалына дейін жеткен. Сонымен қатар өткен жылы ол Испанияда өткен «TU ONDA»- «Сенің толқының» атты байқаудың гран-прииегері атанған

Ал бүгінгі таңда «Славян базары- 2019» байқауының жеңімпазы атанған Әділхан Макин Қазақ елін дүр сілкіндірді.

Атап айтсақ «Славян базары» байқауында осыдан сегіз жыл бұрын 2011 жылы Әлішер Кәрімов үшінші орын, 2015 жылы Димаш Құдайберген бас жүлде, 2018 жылы Әміре (Ернар Садырбаев) бірінші орын алған болатын. Ағаларының салған сара жолын бүгінде жалғастырған Әділхан еншімізді жібермей, ары қарай Қазақ елінің атын шығара беретініне еш күмәніміз жоқ.

Дайындаған: Данэль РУСЛАНҚЫЗЫ

NAR.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған