Сәл ғана

күтіңіз

2019 жылы шығатын Айфонның қандай ерекшеліктері бар?

Жаңа Айфон туралы ақпараттар бастапқы шығарылып жатқан айфондардың анонсынан кейін-ақ таралып кетеді. Осы оқиғаға қарамастан Apple презентациялары жылдың ең үздік күтілетін оқиғаларының бірі, деп хабарлайды Nаr.kz ақпараттық-танымдық порталы.
Соңғы жылдары Apple жаңа iphone-ға қатысты ақпараттардың кейбірі ғана құпия түрде сақталуда. Ол жаңа iphone-дардың атауы, сатылым күні және сату бағалары.  Бұл тақырыптар бойынша соңғы болжам және түпкілікті шешімдер презентация уақытына аз уақыт қалған сәтте де белгісіз болып жатады. Ойланып қарасақ оған  iphone 8 ден бірден 10 ға ауысуын айта аламыз.

Қазіргі таңда айфонның қуаттағышының көлемі үлкейіп,  сыртқы өзгерістер енгізілуде. 2019 жылы айфонның XI, XI MAX,XIr деген нұсқаларын шығару көзделіп отыр. Яғни, бұл жылы Apple компаниясы  iphone-ның үш түрін іске қосады. Бірі 5,8 дюмалық, бірі 6,5 дюмалық  үшіншісі 6,1 дюмалық дисплеймен жасалатын болады.

Жаңа шығарылатын  iphone-дардың атауларын білгенімізбен, презентация уақытында Apple компаниясы бұл iphone-дардың атауын бірден өзгертіп жіберуі ықтимал.

Дайындаған: Данэль РУСЛАНҚЫЗЫ

NAR.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған