Сәл ғана

күтіңіз

Ford заттарды жеткізуге арналған екі аяқты робот жасап шықты

Алдағы уақытта курьерлерді ұшақтар мен дрондар алмастырмақ, деп хабарлайды Nar.kz ақпараттық-танымдық порталы.

Америкалық Ford Motor Company мен Agility Robotics компаниясы бірігіп екі аяқты Digit роботын бір есіктен екінші есікке жеткізуші ретінде пайдаланып, курьердің орнын алмастырмақ. Ойлап табылған құлтемір 18 киллограммға дейін жүк көтере алады екен.

Робот қисық жолдармен жүріп, алдындағы кедергілерден еш қиындықсыз өтіп, тіпті баспалдақпен түсіп, қайта шығуға қауқарлы. Бұл жобаның негізгі идеясы- жеткізуші қызметін атқару. Құрылғы жолаушының орнын  басатыны сөзсіз.

Digit лидармен және стерео камералармен жабдықталған, осылардың көмегімен ол автомобильден тапсырыс берушінің үйінің есігіне дейін бара алады.  Клиенттің үйіне жол тартпас бұрын робот қосымша картографиялық ақпарат алады. Егер Digit жолда келеңсіз жағдайға тап болса, ұшақпен SOS сигналын жіберуге мүмкіншілігі бар. Қолда бар ақпараттарға сәйкес Digit жеңіл материялдардан жасалған, ал жеткізу қызметі роботтың қуаты таусылғанға дейін қызмет етеді. Agility Robotics компаниясы 2020 жылдың басынан бастап Digity роботтарын сатуға дайын.

Дайындаған: Данэль РУСЛАНҚЫЗЫ 

NAR.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған