Сәл ғана

күтіңіз

Еліміздің басты тірегі – мәдениет

Еліміз егемендік алғалы бері, қоғамымыз дамып, халықтың жағдайы көтерілмесе кеміген емес. Осы жағдайды жасау барысында талай еңбек қажет етілді және қазір де ол еңбек күшінің керек екені айқын байқалады. Ал бұл еңбек күші ретінде болашақтың куәгері – жастар, яғни біздер болып табыламыз. Жастарымызға еліміз өте үлкен сенім артып отыр. Республика аумығында жаңадан жұмыс көздері ашылып, халыққа қамқорлық ретінде жұмыспен қамту бағдарламалары іске асып жатыр.

Болашақта бәсекеге қабілетті ел болу үшін, жаңа технологиялар мен ғылыми салада көптеген еңбектер өз жемісін беруде. Қазіргі қоғам жаңа технологияның жасалуымен айқындалатыны белгілі. Осы салада да біраз орталықтар ашылды. Осындай жұмыстарға қабілетті жастарды даярлау оқу орындарының құзырында. Атап айтқанда, еліміздің еңсесі биік, дәрежесі асқақ жоғарғы оқу орындарының бірі – Қазақ Ұлттық Университеті. Оның 80 жылдан астам тарихы бар. Бірақ бұл басқа шетел университеттерімен салыстырған өте жас, жаңадан даму қарқынына түскен оқу орны болып саналады. Университетіміз жас болғанымен, бүгінде бірнеше салада мамандарды тәрбиелеп шығарды. Ол мамандардың барлығы дерлік өз саласында жұмыс атқарып, түрлі жетістіктерге жетуде. Еліміз тәуелсіздік алғалы 30 жылға жуықтады. Оған дейінгі тарих беттерін қарайтын болсақ, халқымыз талай қиындықтарды бастан кешірді. Бертін келе қарайтын болсақ, патшалық Ресей саясатының өзі еліміздің дамуына, ұлттық ерекшкліктеріміздің сақталуына, жалпы алғанда идеологиямызға кері әсер етті. Осыншалықты қиындықтарды бастан кешіріп, тәуелсіз ел болғанда, ескі дүниелердің сарқыншақтары қоғамымызға түрпідей тиді. Бұл айтып отырғаным, қазіргі кездегі ұлттық құндылықтарымыздың жерге тапталып жатырғаны болып табылады. Басқа елдердің менталитетіне ерік берген қазіргі қоғам, ұлттық сана-сезімді жоғалтып алғандай…

Мұндағы басты мәселе – тіл. Қазақтардың өз ішінде қазақ тілінде сөйлесу қалып, өзге тілде сөйлеу сәнге айналды. Бір жағынан бұл дұрыста шығар, бірақ техногендік тартысты бастан кешіре отырып, басты мәселе ретінде тілді қойып отырғанымыз қисынға келмесі анық. Еліміздің саясаты – «үш тұғырлы тіл» дегенімізбен, ол жерде қазақ тілінде сөйлеп отырып, орыс пен ағылшын тілдерін араластыр делінбеген. Елбасымыздың бұл саясаты өзгелердің техникасы мен ғылыми жетістіктерін біле отырып, еліміздің индустриялық саласын одан әрі дамыту болды.

Келесі бір мәселе – дін. Жаһандық мәселеге айналған бұл мәселе біздің елді де айналып өтпеді. Бодандықты артқа тастаған елде, діннің ушығып тұрғанын, орталық бір діндегі мемлекет еместігін, зайырлылық басты орында екенін көрген өзге жұрттар жерімізге, елімізге көз алартты. Қазақ жерінде ерте кезден діни намым-сенім адамның өз еркінде болды.  Бірақ елдіктің көк туы жебіремей тұрып, діни саясаттың ықпалынан шыға алмай күн кешкенімізде баршаға танылды. Енді ғана даму сатысына енген сәтте, осы мәселе елге қиын тиді. Дін уағыздаушылары келіп, түрлі ағымдарға адамдарды баурай бастады. Осының кесірінен елде діннен қорқушылық пайда болып, мәселе ушыға түсті. Бұл мәселелердің негізін анықтап, онымен күресетін ҚР Дін істері жөніндегі мекемелер жұмыс атқарады. Ал ол жерде жұмыс жасайтын мамандарды Қазақ Ұлттық Университеті даярлайды. Университетімізде еліміздің мәдени-экономикалық, әлеуметтік-саяси жағдайын саралап, оны шешу жолдырын айқындайтын мамандарды оқытатын Философия және саясаттану факультеті болып табылады. Осы жерден, әрбір кафедраның түлеп ұшқан шәкірттері елдің дамуына өз үлестерін қосуда. Факультетімізде философия, дінтану және мәдениеттану, саясаттану, әлеметтану, психология сынды бірнеше кафедралар бар. Олардың әрқайсысының орны ерекше және мамандықтары елдің дамуына қажетті басты мамандықтар болып саналады. Соның ішінде мәдениеттану мамандығы жоғарыда қарастырылған мәселелерді шешумен айналысады. Маман иесі болу барысында оқытылатын сабақтардың өзі жаһандық мәселелерге негізделген. Басқа елдердің мәдени ерекшеліктерін қарастыра отырып, өзіміздің мәдениетті сақтап қалуды іске асыру мамандығымыздың басты міндеті. Біздің елде болып жатырған мәселелерді басқа елдер бірнеше жыл бұрын өткеріп қойғандығын ескерер болсақ, болып жатырған оқиғалардың шешімі бар екендігі сөзсіз. Мәдениеттану мамандығы – жан-жақтылықты, өмірге деген көзқарасты жақсы жаққа тәрбиелеуші мамандық. Бұл жерде саясат та, дін де, ғылыми жаңалықтар да, адамдардың пайда болғаннан бүгігнге дейінгі жеткен жетістіктері мен кемшіліктері де айқындалып, олардан сабақ алу көзделеді.

«Болашақ жастардың қолында» деп халқымыз бекер айтпаса керек, мәдениетіміз бен сана-сезімімізді қастерлейтін жастарымыз арта түссе, еліміз де шетел мемлекеттерінен қатарласа дамитынына сенімім мол.

Зейнуллин Раймбек Бақытжанұлы

Мәдениеттану 1-курс магистранты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған