Сәл ғана

күтіңіз

«1 миллиард теңгені бағыттайды»: Жас кәсіпкелерге жаңа мүмкіндік

Halyk Bank жастар кәсіпкерлігін жеңілдікпен кредиттеуге 1 миллиард теңгені бағыттайды, деп хабарлайды Nar.kz тілшісі  Halykbank.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Халық Банкі (Halyk Bank) ел басшылығы жариялаған Жастар жылы аясында Қазақстанда «Zhas Halyk» жастар кәсіпкерлігін кепілсіз кредиттеу бағдарламасын бастайды және де оны іске асыруға 1 миллиард теңге бөлуге дайын.

Банктің Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова бұл туралы елордада өтіп жатқан Atameken Fest республикалық форум шеңберінде жариялады: «Біз жылдығы 5 пайызды құрайтын, жастарға арналған арнайы кредиттік бағдарлама басталғаны туралы хабарлаймыз. Бүгінде мемлекет, «Атамекен» ҰКП тарапынан қолдаудың арқасында бизнесті дамыту үшін айтарлықтай қолайлы жағдай жасалды: түрлі бағдарламалар шеңберінде білім алу мүмкіндігі, барабар салықтар және даму институттары, бизнес-қауымдастықтар тарапынан қолдау. Жас кәсіпкерлердің ең басты проблемалары – бастапқы капиталдың және кепілдің болмауы. Сондықтан Halyk белгілі тәуекелді өзіне қабылдап, осы талаптарсыз кредиттеуге дайын, бірақ бір талап қана барқызықты бизнес-идея. Біз банк секторы жағынан жастар бизнесіне қарай нақты қадам жасамақшымыз. Нарықтың басқа қатысушылары да декларацияны  есепке алмай, жастарға қаржыландыру бойынша өз бағдарламаларын ұсынып, бастаманы қолдауы тиіс деп есептейміз. Бұл Қазақстанның болашағына маңызды әлеуметтік және де инвестициялық салым

«Zhas Halyk» бағдарламасының талаптары бойынша 15 млн теңгеге дейін кредиттер бастапқы немесе әрекеттегі бизнес шеңберінде кәсіпті енді бастаған және жұмыс жасап жатқан, жас мөлшері 21-ден бастап 30-ға дейін кәсіпкерлерге бизнес-идеясын іске асыруға (дамуға, айналым қаражатын толықтыруға), 7 жыл мерзімге, кепілмен қамтамасыз етусіз, комиссияларсыз және сақтандырусыз, жылдығы 5% мөлшерлеме бойынша беріледі.

Халық банкі қазақстандық бизнестің ірі кредиторы, негізгі мемлекеттік қолдау бағдарламалардың көшбасшысы болып табылады. 2019 жылғы 1 сәуірдегі деректер бойынша банкте 23 мыңнан артық қарыздар берілген 7 мыңнан астам қарыз алушыларды қоса алғанда, 280 мың ШОБ клиенттеріне қызмет көрсетілген. ШОБ кредиттік портфелі жыл аяғындағы 494 млрд теңгемен салыстырғанда, 478 млрд. теңгені құрады, төмендеу себебі – маусымдық фактор. Бизнесті қаржыландыру көлемі бойынша Банкке қазақстандық нарықтың шамамен 39% үлесі тиесілі.

Банкте әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландырудың арнайы жеңілдік бағдарламасы да жүзеге асырылуда, оған 3 млрд. теңге бөлінді. 2019 жылғы 1 сәуірдегі ақпарат бойынша банк 2,2 млрд теңге сомасына 279 жобаны қаржыландырды, қосымша 0,114 млрд. теңге сомасына 15 жобаны мақұлдады, сонымен қатар 0,697 млрд. теңге қаржыландыру көлемімен 80 жоба қаралуда.

Анықтама. Ашық дереккөздердің мәліметі бойынша түрлі әлеуметтік зерттеулер барысында жастардың 50%-нан астамы бизнеспен айналысуға дайын екені белгілі болды. Алайда, қазақстандық ЕДБ-де кредит алу үшін негізгі кедергілер ШОБ кредиттеудің жоғары пайыздарына (респонденттердің 85%) және кредит алу үшін кепіл мүлкі, бастапқы капиталы болуы секілді көптеген талаптарға (респонденттердің 82%) байланысты. Ал кредит алған жеке кәсіпкерлердің 100%-ы ішінде 3%-ы ғана – жас кәсіпкерлер.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған