Сәл ғана

күтіңіз

Мобильдік медиа мектеп өтті

Жас журналистерге арналған мобильдік медиа мектеп өтті, деп хабарлайды Nar.kz ақпараттық-танымдық порталы журналистика факультетінің сайтына сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтан қаласында Жастар жылына арналған «Жаһандық коммуникация дәуіріндегі  қоғамдық ақпарат рөлі» VIІІ  республикалық мобильдік медиа мектебі жұмысы өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымы «Жастар және 2030 жылға дейін күн тәртібінде тұрақты даму мақсаттарын дамытуға әлем елдерінің жас азаматтарының ықпал етуіне қатысауын қолдаған медиа мектеп жұмысына қатысатын Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Қарағанды, Семей, Өскемен, Павлодар өңірлерінен келген жас журналистер «Egemen Qazaqstan» жалпыұлттық республикалық газеті және  «Aiqyn» республикалық қоғамдық-саяси газеті редакцияларына тур ұйымдастырылды.

2016 жылдан бері әл-Фараби ат. ҚазҰУ журналистика факультеті ұйымдастыруымен өңірлік БАҚ өкілдеріне арналған мобильдік медиа мектеп шаралары алғаш Оңтүстік Қазақстаннан бастап алып, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жалғасты. VІІI мобильдік медиа мектеп Нұр-Сұлтан қаласында жұмысын жалғастырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған