Сәл ғана

күтіңіз

Ғылым және бизнесті біріктіруге арналған конференция өтті

«Ғылым және бизнес» иновациялық үрдісінде ғылым мен бизнесті біріктіруге бағытталған «Республикалық ғылыми-практикалық конференция» болып өтті.Ғылым мен бизнесті біріктіруге бағытталған «Республикалық ғылыми-практикалық конфенция» өтті. Конференцияны ұйымдарстырушы: Медициналық консультативтік орталығы «Жалпы тәжірибе дәрігері – Консультант-Сарапшы» және ЖШС ғылыми- өндірістік және теxнологиялық орталық «Жалын». Конференция тақырыптары медицина, нанатеxнологиялар, агроөнекәсіптік медицина туралы ақпарат алмасу, бірлескен ғылыми және іскерлік бағдарламаларды тақылау және дамыту, биомедицина және агроөнеркәсіп салалары бойынша заманауи ғылым мен индустрияның жай күйін талдау болды.
Іс- шараға ғалымдар, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардан бизнесмендер қатысты. Шараны профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының президенті- Шарманов Т.Ш , профессор, ҚР ҰҒА академигі, «ҚР минералды шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталықтың» бас диркторы – Жарменов А.А ; БҰҰ-ның Қазақстандағы қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі- Властимил С. бастады.. Жаңа нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жас ғалымдар мараматталды. Бұл жас бизнесмендер мен ғалымдарға үлкен қолдау болды. Бұл қолдау жас ғалымдар үшін жаңа мүмкіндіктер беріп, жастардың теxнологиялық проблемаларды шешуге үлес қосуға ынталандырады.
Ғылыми- өндірістік және теxникалық орталық «Жалын» жайлы бірер ақпарат айтсақ, «Жалын» 18 жас пен 35 жасқа дейінгі жас ғалымдардан тұрады. «ЖАЛЫН» ғылыми-өндірістік-техникалық орталығы 2006 жылы құрылған және ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген заманауи ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. Бүгінгі күні орталық табиғи-техника ғылымдары саласындағы зерттеулер мен әзірлемелердің қатысуымен білім беру мекемелерімен бірлесе жұмыс істейтін бастаушы компания болып табылады. Орталық көміртегі сорбциясының жоғары сапалы материалдарын, препараттарды, биологиялық қоспаларды, дәрілік препараттарды, агроөнеркәсіптік кешенді өсірумен айналысатын микроэлементтерді өсіру реттеушілерін өндіреді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған