Сәл ғана

күтіңіз

Көлікті тұраққа орналастыратын құлтемір

Әуежайға өзінің көлігімен барғанды дұрыс санайтындар үшін Stanley Robotics компаниясы көлікті тұраққа қоюға арналған робот ойлап тапқан, деп хабарлайды Nar.kz тілшісі.

Ол үшін компанияның гораждарының біріне көлігіңізді қалдырып, алдын ала тапсырыс бергеніңізді терминал растаса өз жұмысыңызбен кете берсеңіз болады. Қайтып келетін уақытыңызға сәйкес, робот көлікті тұрақтан алып келіп, иесіне ұсынады.

Құлтемір көлікті қоятын автотұрақ барлық адамға қол жетімсіз. Ол жерде тек робот қозғалықа түседі. Сондықтан көліктің бір бірімен соғылысып қалу қаупі өте төмен.

Стэн есімді робот, Лион-Сент-Экзюпери атты Францияның әуежайында сынақтан өтіп жатыр. Егер тұтынушылар тарапынан қолдау табатын болса әлемнің өзге де әйуежайларында қолданысқа енбек.

Дайындаған: Дана РУСЛАНҚЫЗЫ

NAR.KZ

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған