Сәл ғана

күтіңіз

Талай дүлдүл ұшырған, талай дарын…

Талай дүлдүлді қанаттандырып, дарындарын даралап, кәсіп көкжиегінде шыңдаған, тарихта ойып орын алатын, болашақта да аты алтынмен қашалып жазылуға әбден лайық оқу орыны әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.

1934 жылдан бастап Қазақстанның білім беру саласына үлес қосып, Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Ермахан Бекмаханұлы, Әлкей Марғұлан сынды ұлт зиялыларын тәрбиелеп түлетті. Бүгінде 180 сала бойынша маман дайындап отырған ҚазҰУ Қазақстанның білім беру жүйесінің бетке ұстар шамшырағы іспетті.

Екі мыңнан астам білікті ұстаздың басын қосып, мыңға жуық ғылым докторларын, жүз академикті кәсіби білімін студенттерге беруге мүмкіндік жасауда. 76 жылдық тарихы бар ғылыми мектептер шоғырланған білім ордасы әлемдік деңгейдегі университеттермен тересесі тең.

ҚaзҰУ-дың үздік унивeрситeттeр қaтaрындa eкeнін QS World University Rankings хaлықaрaлық рeйтинг нәтижeлeрінeн бaйқaуғa болaды. Унивeрситeт хaлықaрaлық рeйтингтe 236-орындa тұрсa, aл түркі eлдeрі aрaсындa бұл рeйтингтe бірінші болып, көш бaстaп тұр.

Бұндай білім ордасында білім алу екінің біріне бұйыра бермейтін бақыт. Тек жүйріктердің жүйрігі, білімді, талантты, жан-жақты студенттерді қабылдап, олардың дамуына үлес қосу университетіміздің басты мақсаты.

Жемқорлықтан көз ашпай отырған заманда, бұл мәселе оқу жүйесіндеде кең етек алып отыр. Ал, Қазақ Ұлттық Университеті балон жүйесінде оқытылатын, жемқорлыққа жол бермейтін жоғарғы оқу орыны. Жемқорлыққа қарсы шараларға оқушылар да, студенттер де бірдей атсалысып, әділ әрі шанайы болуға жол сілтейді.

Студенттің білім алуына барлық жағдай жасап отырған Қазақ Ұлттық Университеті оқытып отырған әрбір маманынан терең білім талап етіп, ел болашағына үлес қосатындай адам болып өсуін қадағалайды. Әрбір шәкіртіне жіті мән бере отырып, қажеттіліктерін қамтамассыз етеді.

ҚазҰУ – армандардың тоғысқан мекені. Білім мен өнердің шыңдалып, мықты кәсіби маман болуға жетелейтін, үлкен өмірге бағыттайтын бірден бір оқу орыны.

Ескеева Айнаш Акимсаловна

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің аға оқытушысы

1 thought on “Талай дүлдүл ұшырған, талай дарын…

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған