Сәл ғана

күтіңіз

Ең төменгі күнкөріс деңгейі қанша?

Еліміздегі есептеулердің нәтижесінде 2019 жылғы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 27 822 теңгені құрайды, деп хабарлайды Nar.kz ақпараттық порталы Экономика министірлігінің сайтына сілтеме жасап.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы сәуірде 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 5,2%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 20,2%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 15,9%, жемістер мен көкөністерді – 9,1%, нан және жарма өнімдерін – 7,6%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,2%-ды құрады.

Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда 0-13 жастағы балалар 14-17 жастағы жасөспірімдер 18 жастан асқан, еңбекке қабілетті халық Зейнет-керлер мен қарт адамдар
жас жігіттер қыздар ерлер әйелдер
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 27 822 22 204 35 231 26 996 33 108 26 288 26 119
 Азық-түлік тауарлары 15 302 12 212 19 377 14 848 18 210 14 458 14 366
 Азық-түлік емес тауарлар

мен көрсетілетін қызметтер

12 520 9 992 15 854 12 148 14 898 11 830 11 753

 

Ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған