Сәл ғана

күтіңіз

Әлемдегі ең кішкентай қаланы білесіз бе?

Мелник ­– әлемдегі ең кішкентай қала. Благоевград облысына қатысты Болгариядағы елді мекен. Бұл жерде бар болғаны 390 адам өмір сүреді. Атауы қала маңындағы бор(мел) жоталарына байланысты қойылған. Орта ғасыра Мелник болгарлардың, византиялықтардың және сербтерің меншігінде болған.

Қалаға деген туристердің қызғушылығы соншалық, келушілердің ағыны елді мекенде тұратын адамдардың санынан бірнеше есе көп. Мелник көне архитектуралық ғимараттарымен, ерекше табиғатымен, керемет жоталарымен және қою шарабымен туристерді қызықтырады. Ол тарихи-мәдени қорық және мұражай-қала ретінде танымал. Климаты денсаулықты жақсатруға көмектеседі. Сонымен қатар, Мелникте болатын фальклорлық фестивальдарға сан жетпейді. Қалада 1300 үй, 70 шіркеу, 92 ескерткіш бар.

Егер, тарихқа терең сүңгіп, бірнеше мәдениеттің куәсі болып, денсаулығыңызды жақсартқыңыз келсе Болгарияның дәл осы қаласын көргеніңіз жөн болар. Сондықтан, Мелниктің ең үздік үш қонақ үйін назарларыңызға ұсынамыз.

Hotel Rechen Rai

Мельник өзенінің маңында орналасқанғ терассасы бар екі жұлдызды қонақ үй. Барлық жағдайы жасалған, қарапайым қонақ үйде қонғыңыз келсе бір күнге адам басына – 19000 теңге төлейсіз.

Guest House Holiday in Melnik

Мелник пирамидасынан 2 км жерде орналасқан жеке ас бөлмесі бар ерекше қонақ үй. Бағасы адам басына бір күнге – 17000 теңгені құрайды.

Chavkova house

Мелник қаласының орталығында орналасқан. Роженс шірекуіне дейін 180 м. Бір күн тұру құны – 13000 теңгеден басталады.

Мельникее турист ретінде келіп, тамақтанатын жер іздемесеңіз де болады. Себебі, бұл қалада мейрамханалар жиі кездеседі. Сіздер үшін қаладағы ең үздік мейрамханалардың мекен-жайын ұсынамыз.

  1. Механа Чинарите(Мелник көшесі 19)
  2. Механа Алексова Къща(Мелник көшесі 27)
  3. Механа Менчева Къща(Мелник көшесі 46)
  4. Elli Greco (Мелник көшесі 184, Elli Greco SPA қаонақ үйі)
  5. Механа Болярка (Мелник көшесі 34)

Дайындаған: Дана РУСЛАНҚЫЗЫ

NAR.KZ

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған