Сәл ғана

күтіңіз

«Шығыс көктемі» фестивалі өтті

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде наурыз мерекесіне орай дəстүрлі «Шығыс көктемі» фестивалі өтті деп хабарлайды nar.kz Нұр-Сұлтандағы тілшісі.

Әзербайжан, Иран, Қытай, Түркия, Өзбекстан, Палестина, Ауғанстан және Қырғызстанның этномәдени бірлестіктерінің басшылары қатысқан іс-шара студенттердің мерекелік концертінен бастау алып, шығыс елдерінің салт-дәстүрі мен өнері ортаға салумен жалғасты.

Сондай-ақ, Орталық Азиядан әл-Фараби, Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс, Қайтбай сияқты ұлы ғалымдардың еңбектерінің маңыздылығына тоқталған қатысушылар ұлттық болмысты дәріптейтін туындыларын көпшілікке таныстырды.

Фестивальдің аясында түрік және иран тілдес халықтардың мерекелік тағамдары, ұлттық қолөнер бұйымдары көрсетілді. Оқытушылар мен студенттер Қырғызстанның музыкалық аспаптарымен, Әзірбайжанның кілемдері, Иран елінің ас үй жабдықтарымен таныс болып, рухани байлыққа кенелді.

Дайындаған: Айым БЕКТЕГЕНОВА

NAR.KZ

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған