Сәл ғана

күтіңіз

«Ұлы Дала Ұландары»

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Рухани жаңғыру – spiritual development»  волонтерлік клубы, халықаралық қатынастар мен журналистика жəне саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен Жастар жылы аясында «Ұлы Дала Ұландары» атты мерекелік концерт өтті деп хабарлайды nar.kz Нұр-Сұлтандағы тілшісі.

Тұңғыш Президентіміз Н.Ə.Назарбав: «Келесі жылды жастар жылы деп жариялап, іс-шаралар өткізу керек, оған біздің тəжірибеміз бар. Жастарымызды, Қазақстанның болашағын əр салада қолдауымыз керек» – деп айтқандай, 2019  жыл жастар үшін ерекше болмақ.

Жалпы, «Жастар жылы» аясында елімізде бірнеше істер атқарылып, көптеген шаралар өтіп жатқаны белгілі. Соның бір көрінісі – «Ұлы Дала Ұландары» мерекелік концерті.

Іс-шараның басты мақсаты – қазақтың байырғы салт-дəстүрлерін қайта жаңғыртып, жастардың бойына қазақи рух сыйлау. Кеш журналистика жəне саясаттану факультеті деканының студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары Болатова Гүлжаухар Жамбылқызының жылы лебіз сөзімен басталды. Əрі қарай қазақтың бас ақыны Абайдың өлеңі айтылып, қазақ күйіне би де биленді. Сонымен қатар университеттің «Шаңырақ» театры бастаңғы дəстүрі туралы көрініс қойып, көрерменді таң-тамаша қылды. Əн-күймен жалғасқан мерекелік кеште айтыс өнері де болып, қызықты ойындар да ойнатылды.

Атаулы кешке шетелдік бірқатар ғалымдар да атсалысты. Олардың ішінде, Германиядан профессор Майкл Недэр, Испаниядан  Хулио Новилло, Польшадан Эдита Денст-Гарсия да бар. Қонақтармен студенттер қаражорға билеп, қазақтың салты бойынша тақия кигізіп, сыйлықтар табыстлады.

Іс-шара соңында кештің ұйымдастырушысы, шет тілдер кафедрасының оқытушысы Салиева Динара Оңғарбайқызы келген көрермендер мен қонақтарға өз алғысын білдірді.

Жоғары деңгейде өткен мерекелік кеш жастарға патриоттық сезім мен шабыт сыйлайтын  «Өз елім» атты əнмен аяқталды.

Дайындаған: Айым БЕКТЕГЕНОВА

NAR.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған