Сәл ғана

күтіңіз

Терезе жуатын робот пайда болды

Әлемде көркіне көз тоймайтын сан алуан ғимараттар бой көтеріп, сәулет өнерінің ерекше үлгілері дүниеге келіп жатыр. Дегенмен оларды тазалау жүмыстарына келгенде адам күші жете бермейтіні белгілі. Сондықтан тазалау жұмыстарын жүзеге асыратын роботтарды талап етіп отырмыз. Осы орайда, еліміздегі жас өнертапқыштар терезе мен әйнек жууға арналған құлтемір ойлап тапқан. Clean Roboot деп аталатын құрылғыны жасап шығарған АТУ-дың автоматтандыру және басқару мамандығының 1-курс магистранттары, жас ғалымдар Тимур Еркін, Талғат Тулбаев. Жігіттер роботтарының ерекшеліктерімен бөлісті.

Тимур Еркін – АТУ-дың автоматтандыру және басқару мамандығының 1-курс магистранты, жас ғалым :

Робот бөлшектері

Аспан асты ғимараттардың терезе, әйнектерін жууға арналған робот. Бұл құрылғы екі электрқозғалтқыштан, жұмсақ кір кетіруге арналған щеткадан, қалдықты кетіруге арналған резинкадан (оны өз қалауыңыз бойынша өзгерте аласыз), насос пен су шашқыш жүйеден тұрады. Програмаланған арнайы жуйесі бар. Жостик арқылы басқаруға болады. Жұмыс жасау тәртібі өте қарапайым.

Уақыт шеңберінде

Бөлшектерді құрастыруға 2 аптадай уақыт жұмсалды. Бөлшектер 3Д принтерде өзіміздің зертханамызда құйылды. Командамыздың жетекшісі Нұржан Жұмаханның бақылауымен роботты жасап шығардық.

Робот құрастырғанда

Робот жасауда әртүрлі қиындықтар болып тұрады. Бірі зертханада қолдан құрастырылғандықтан техникалық ақаулар кетіп жатса, енді бірі парктикалық маңыздылығын сынаудағы қиындықтар. Оған қоса, кейбір бөлшектерді шетелден алып келу керек болғандықтан олардың жеткізілу жағы қиындық тудырған болатын. Дегенмен, әр бір істі жасауда табандылық танытып, соңына дейін жетер болса, нәтиже шықпай қоймайды.

Терезе мен әйнекті жуған кезде

Робот жұмыс жасау үшін арнайы құрал керек емес. Өзінің толық комплектісі болады. Оның ішіне арнайы таза су мен жуғыш заттар да кіреді. Сондықтан да біздің құрылғының тиімділігі жоғары.

Талғат Тулбаев – АТУ-дың автоматтандыру және басқару мамандығының 1-курс магистранты, жас ғалым:

Қызмет көрсету

Қазіргі таңда қолданыстағы роботтар жуып қана қоятын болса, Clean Roboot 3 этапты тазалаудан өткізеді. Ол жуады, шаяды және сүртеді (полировка).

Нарықтық зерттеулерге сүйенетін болсақ орта есеппен биік ғимараттарды жууға шамамен 30-35 мын доллар жұмсайды. Әлемде бұндай робботтар бағасы тым жоғары, елімзге алып келу жағынан тиімсіз. Осы факторларды ескеретін болсақ, сұранысқа ие болу кофиценті жоғары. Қазіргі таңның өзінде қызығушылық танытып отырған бір екі клинигтік компаниялар бар екенін де атап өтер едім.

Терезе жуатын робот бөлшектері:

  1. Су сорғыш Гупка(контейнер).
  2. Щетка тазалау сүрту.
  3. Пена (брызгатель).
  4. Щетка мен тазалау.
  5. Су шашқыш (брызгатель).
  6. Щетка сүрту.
  7. Резинка (Із қалдырмаушы).

Болашақтың бастауы

Биік ғимараттардың әйнектерін жуу әлемдік сұранысқа ие қызымет көрсету саласының бірі болып тұр. Қазіргі таңда елімізде бұл қызыметті арнайы алпенистер атқаруда. Және де күн санап биік шыны ғимараттардың көбейіп келе жатқанын ескеретін болсақ, болашағы үміт күттіретін, табысты робот болатынына сенімдіміз.

Дайындаған: Дана РУСЛАНҚЫЗЫ

NAR.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған