Сәл ғана

күтіңіз

Рауф Денкташ және Фазыл Кучук атындағы Халықаралық сипозиум өтті

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Гирне қаласында Рауф Райф Денкташ және Фазыл Кучук атындағы Халықаралық Кипрды тануға бағытталған сипозиум өтті. Шараға 14 елден жиналған 120 қатысушы  76 түрлі тақырыптағы баяндамаларын жасады.

Шараға еліміздегі Түркі тілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы және бірқатар қазақ журналистері қатысты.

Сипозиумның ашылу салтанатына экология және туризм министрі Фикри Атаолы, өркендеу партиясының төрағасы Ерхан Ерикли, Македониялық Миллетфекил Ибрагим, Түркия Никосия елшілігінен Айше Зейбек, Ұлтшыл демократия партиясы төрағасы Бурай Бөскөвөтч, Ассамблеясының вице-президенті да атсалысты.

Шарада сөз алғандардың бірі 2016 жылы негізі қаланған Түрік Бірлігі қорының президенті, доцент Гувен Арыклы:

«14 елден келген 300 жас адам түрік әлемінің жастар форумына қатысып, 18 елде көптеген іс-шараларына атсалысқаны жақсы жағынан үлес қосып отыр. Ұйымдастырылған кез келген шара, жасап жатқан әрбір іс-әрекетіміз түрік киприоттарының мүддесі үшін екенін айтқым келеді»,-деп шараның басты мақсатын айқындап берді.

Сонымен қатар, МДП Төрағасы Бурей Бускивтократ Түрік ұлтшылдық жүйесінде әрекет ететін партия Түрік және Тұран саяси партияларының пікірінше, түркі мемлекеттерінің бүкіл әлемге, үкіметтік емес ұйымдарға және қауымдастықтарға жарияланатын проблемаларына саяси партиялардың басшылық етуі тиіс екенін айтты.

Ал, Македониялық депутат Энс Ибрахим Түркі әлемінде ерекше орын алатын Фазыл Кучук пен Рауф Денкташтың бойдағы ұлттық рухты бағалағандығын алға тартты.

Македониядағы түріктердің күресі, Македонияның солтүстігі мен Македония Республикасындағы 2 миллион адам, 78 мың түрік туралы ақпарат беріп, адамның аздығы белгілі бір желілерде саясатты жүзеге асыру үшін қиындық тудыратынын ерекше атап өтті.

Симпозиумға қатысушылар өз елдеріндегі түйінді мәселелерді түсіндіріп,  түрік киприоттарының жағдайын да тыңдады. Бірлік пен ынтымақтастықты талқылап, алдағы уақытта мәселені түркі дүниесімен бірлесе отырып шешу керек екенін айтты.

Туризм және қоршаған орта министрі Фикри Атаоглу:

«Солтүстік Кипр Түрік Республикасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан доктор Фазил Күчук пен Руф Райф Денкташ атындағы  шара күллі түркі әлемнің алдыға жылжуына септігін тигізеді. Түркі мемлекеттерінің басына түскен қиындықтың бәрі біздің де қиындығымыз»,-деп Түркі мемлекеттеріне Солтүстік Кипр Түрік Республикасын таныстырудың маңыздылығын атап көрсетті.

Шараға соңында қатысушылар Солтүстік Кипр аралының көрнекті мекендеріне саяхаттап, тарихи орындарына тур жасады.

Дайындаған: Дана РУСЛНҚЫЗЫ

Солтүстік Кипр Республикасы

NAR.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған