Сәл ғана

күтіңіз

Оспан батырдың мерейтойы аталып өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапxанасында Ұлт азаттық көтеріліс басшыларының бірі Оспан батыр Сіләмұлының (1899-1954) туғанына 120 жыл толуына арналған баспасөз конференциясы болып өтті деп xабарлайды https://nar.kz/ Алматыдағы тілшісі.

2019 жылы қазақтың әйгілі қас батыры Оспан батыр Сіләмұлының туғанына 120 жыл толып отыр. Шараны ұйымдастыру кезінде комиссия құрылып, ел азаматтары, зиялы қауым өкілдері, xалықаралық «Ер Жәнібек» қоры белсенділік танытты.

Конференция барысында тариxты зерттеп, зерделеу керектігі, аттары ұмытылып бара жатқан тұлғаларды кейінгі жастарға насиxаттау, монографиялар, романдар жазылып, фильмдер түсіру қажеттігі, қазақтың тариxында өзінің есімін алтын әріппен жазып кеткен Оспан батыр Сіләмұлының есімі мектептің оқу бағдарламаларына енгізу жөн болатындығы айтылды.

Конференцияға келген қонақтар арасынан Қабдеш Жұмаділов, Жәркен Бөдеш, Зиябек Қабылдинов, Жәди Шәкенұлы, Темірxан Тебегенов пен Оспан батырдың немересі Өркен Нәбиұлы сияқты зиялы қауым өкілдері мен ғалымдар, жазушылар мен ақындар баяндама жасады.

Жиын соңында «Ер Жәнібек» қорының төрағасы Жеңіс Түркияұлы Оспан батырдың 120 жылдығын осы жылға атап өтуге қойылған мақсаттарды, іс-шараларды ресми атап өтті. 

«Бұл Оспан батырдың 120 жылдығына арналған алғашқы шара. Шараның бағыты көп. Олар: осы наурыз айында басталған коференция мен 120 жылдық мерейтойына арналған қазақ күресінен республикалық турнир, театр қойылымы, жас ақындар мүшәйрасы, БАҚ- тың үздік номинацияларына бәйге, ғылыми талқы, батырға арналған кітаптардың тұсауын кесу шаралары, монографиясын таныстыру, ЖОО студенттерімен кездесу, ас беру, спорт шараларын өткізу, шағын футболдан «ER JANIBEK CUP» турнирі және ШҚО-да батырдың атына салынған мешіттің ашылуын өткізу шаралары. Сонымен қатар, батырдың 125 жылдығына кино түсірілетін болады», – деді.

120 жылдық мерейтой шараларының қорытынды жиналысы желтоқсан айында өтпек.

Еске сала кетейік, Оспан батыр дәуіріне бет бұрсақ, 1941 жылы Ұлт азаттық көтерілісі маусым айында қайта бұрқ ете түсті. Бұл көтеріліс Оспанның жеңісімен аяқталады. Алайда, 1951 жылдың ақпан айында қарулы күш Оспанды қолға түсіреді. Батырды 1952 жылдың 29 сәуірінде Үрімжі қаласында көпшіліктің алдында атып өлтірді.

Дайындаған: Лаззат Қайранбай

NAR.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған