Сәл ғана

күтіңіз

Биіктік – тек даралардың тұрағы

Биіктік – тек даралардың тұрағы. Осындай биіктен, алыстан көз шалдырар мұнардан «мен мұндалап» тұратындардың бірден туған бірегейі- Темірбек Қожакеев.

Асыл текті Темірбек Қожакеев – қазақ әдебиетінің заңғар шыңына айналған сатира саңлағы ретінде барша қазаққа аты мәлім алып тұлға. Әдебиетке ең қатал сыншы, ең әділ төреші уақыт десек, сол уақыттың өзі бұны дәлелдеп отыр. Жүрек қобызын шерте жырлаған ол өз артынан бізге өшпес мұра, сөнбес шырақ қалдырып кетті. Қазақтың сатира өнерін тереңнен зерттеп, өткені мен бүгіні жайлы құнды мәліметтер қалдырды. Әдебиетіміздің негізгі мәселелері «Абай мен Сұлтанмахмұт», «Қазақ мысалдары» атты зертеулерінде жарық көрді. Кеңестік қуғын сүргін құрбандары мұраларына  арналған «Жыл құстары» атты жарқын еңбегі жарияланды. ҚазҰУ журналистика факультетінде жиырма жылға жуық уақыт басшылық етіп, темірдей тәртіп орнатқан оны кейбірі «мық шеге» деп те атап кетті. Қасиетті Жамбыл облысында дүниеге келіп, ұлтының ақ үмітін ақтаған Темірбек Қожакеевтің әдебиетімізде атқарған ерен еңбегі баршамызға өнеге-үлгі болып қала бермек. Темірбек секілді жандар жомарт табиғаттың жарық дүниеге тым сараң сыйлайтын біртуарларының бірі, халқымыздың парасат әлемінінің ғасырлық ғажайыбы, саф, таза, сұлу, айрықша, өзгелерден ерек құбылысы. Ол өзінің публицистикалық еңбектерінде сатираны тілге тиек ете отырып, қазақ  қоғамындағы негізгі мәселелерді көтереді, өзіндік жауап іздейді.

 

 

 

Темірбек Қожакеевті қаншалықты білесіз? Біліміңізді тексеріп көріңіз.

Қазақтың жанашыры қазақ қана, деген Күләш Ахметова жырындағы жанашыр жан   Темірбек ағамыз шығар, сірә? Оның әдебиеттегі өлшеусіз еңбегінің, ұлт тағдырына қалам қозғаған шығармашылығының халық өміріндегі орны бөлек, құнды. Тіл тарихының, алаш арыстарының, қоғамдағы теңсіздіктің, қазақ қоғамындағы елеулі мәселелердің шешімін табу, халыққа ой салу оның өмірлік міндетіне айналды. Ол әдебиет арқылы қоғамдағы олқылықтың алдын алу үшін аянбай тер төкті. Болашақ ұрпақ үшін қаншама тарихы мол, тағылымға толы еңбектерін қалдырды.Иә, ел тағдырына өз тағдырын мықтап орнықтырған  азаматтарымыз көбейсе, шіркін. Тектілердің тамырынан тараған тарландарымыздың баға жетпес байлығы біз үшін қызмет етер еді. Дәл Темағаң сияқты…

Дайындаған: Дана РУСЛАНҚЫЗЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған