Сәл ғана

күтіңіз

Мемлекеттік Арxив қызметкерлері тазалыққа шақырады

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Орталық Мемлекеттік Архив» РММ-де тазалық сенбілігі өтті.

Ауқымды шараға ұжым қызметкерлері бірі қалмай жұмыла атсалысты.Таңертең басталған игі іске бастаған мекеме қызметкерлері шырайлы қаламыздың тазалығы мен көркін келтіруге бір адамдай қатысты. Архив ауласына  жеміс ағаштары көшеттерін отырғызып, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.

«Ұлы Наурыз мейрамы алдында ауладағы өсіп тұрған ағаштар мен гүлзарлар, бақтар мен саябақтарда жасыл желектерді күтіп ұстау біздің ұжым үшін аса маңызды. Біздің  мекеменің барлық бөлімдерінің қызметкерлері айналаны тазалап, ретке  келтіру – әрбір адамның борышы, сондықтан біз мұндай шараны жыл бойына тұрақты өткізуді дәстүрге айналдырып отырмыз», – деп атап өтті мекеме директоры  Арнұр Қарымсақов.

NAR.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған