Сәл ғана

күтіңіз

Халық банк шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін жариялады

Журналистерге арналған баспасөз конференциясында Халық Банкі «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ-тың 2018 жылғы 12 айдың шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін жариялады.

«Өткен жылы қазақстандық қаржы секторы тағы да бірқатар драмалық жағдайды басынан өткізді, олардың бірнешеуі шешуші сипатқа ие болды. Банк жүйесін сауықтыру процесі нарықтан бірқатар проблемалы ойыншылардың кетуіне және кейбір банктерге көмек көрсетуге себеп болды. Осыған қарама-қарсы банктерді біріктірудің сала тарихындағы ең ауқымды процесі сәтті аяқталды. Halyk және Qazkom – ең ірі қаржы институттары клиенттерге арналған жаңа мүмкіндіктері бар мықты біріктірілген банк құру үшін өз инфрақұрылымдарын, технологиялары мен командаларын біріктірді, қазір ол нарықтың үштен бір бөлігінен артық үлеске ие. Біріктіру банктердің ағымдағы қызметімен қатар жүрді, осы процестің күрделілігіне қарамастан, бизнес көлемін және оның табыстылығын ұлғайтып қана қоймай, клиенттердің көпшілігінің сенімі мен бейілділігін сақтап қалды. Осыған қоса, Halyk айтарлықтай пайда алды. Теңдессіз шоғырландыру жобасын аяқтап, біз ең ірі банк мәртебесі және де оның әлеуметтік маңыздылығының өсуі бұдан да тиімді, клиенттердің қажеттіліктеріне ерекше назар аудара отырып, жұмыс жасауды талап ететінін түсіндік. Бұл жағдай  банкте қызмет көрсету үлгісін түрлендіру жобасы бастауға септігін тигізді, ол өнімдер желісін кеңейтуге және клиенттерге қызмет көрсету сапасы мен технологиялылығын көтеру үшін процестерді сандық жүйеге көшуге негізделген. Бүгін Халық банкінің алдында жаңа мақсат тұр – Қазақстан 2020 жылы ДСҰ-ға кіруіне орай нарықта жергілікті ойыншылармен де, шетелдік қаржы институттармен де тиімді бәсекелесуге дайын болу», – деп Қазақстан Халық банкі Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова атап өтті.

2018 жылдың 12 айында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың (бұдан әрі – «Банк») таза кірісі өткен жылғы осындай мерзімдегі 173,362 млрд теңгеден негізінен пайыздық және комиссиялық кірістер өсу есебінен 46.7%-ға 254,238 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

2018ж. 4-тоқс. таза кірісі 2018ж. 3-тоқс. үшін 77,8 млрд. теңгемен салыстырғанда, 2018 жылғы 4-тоқс. таза пайыздық кірістің жоғарырақ деңгейі есебінен 90,3 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

2018ж. 3-тоқс. салыстырғанда, таза пайыздық кіріс негізінен пайыздық активтердің орта қалдықтары өсуі есебінен, сондай-ақ 2018ж. 4-тоқс. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры шекті сыйақы мөлшерлемелерді төмендеткеннен кейін бөлшек депозиттер бойынша мөлшерлемелерді қайта қарау нәтижесінде пайыздық шығыстар азаюы есебінен 16,8%-ға 99,0 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

2018 жылдың қорытындылары бойынша таза пайыздық маржа 2017 жылғы 4,9%-дан жылдығы 5,1%-ға дейін өсті. 2018ж. 4-тоқс. үшін таза пайыздық маржа көрсеткіші 2018 ж. 3-тоқс. үшін 5,1%-бен салыстырғанда, көбінде бөлшек депозиттер бойынша мөлшерлемелерді қайта қарау нәтижесінде және одан азырақ мөлшерде пайыздық мөлшерлемесі төмен, шетел валютасында деноминацияланған депозиттер үлесі ұлғаю нәтижесінде жылдығы 5,6%-ға дейін өсті.

2018 жыл үшін клиенттерге берілген заемдар бойынша тәуекелдің құны 2017 жылдағы 2,2%-дан 0,5%-ға дейін төмендеді.  2018ж. 4-тоқс. тәуекел құны ірі құнсыздандырылған корпоративтік қарызды өтеу және провизияларды таратуға әкеліп соққан кейбір проблемалық корпоративтік қарыздарды КАБҰ-ға беру салдарынан (0,6%-ды) құрады.

2018 жылғы 12 ай үшін қызметтер мен комиссиялар бойынша кірістер 2017 жылмен салыстырғанда, 29,2%-ға өсті.  2018ж. 4-тоқс. қызметтер мен комиссиялар бойынша кірістер 2018ж. 3-тоқс. салыстырғанда, 0.5%-ға өсті. Карталарға қызмет көрсету бойынша және банктік аударымдар бойынша кірістер 2018 ж. 3-тоқс. салыстырғанда,  2018 ж. 4-тоқс. 1.8%-ға төмендеді. Өзге пайыздық емес кірістер 2018 ж. 3-тоқс. үшін 42.8 млрд. теңгемен салыстырғанда, 2018 ж. 4-тоқс. үшін негізінен 2018ж. 4-тоқс. свопты оң қайта бағалаудың төменірек деңгейі есебінен 24.6 млрд. теңгеге дейін 42.4%-ға төмендеді.

Операциялық шығыстар (қаржылық емес активтердің құнсыздануынан залалдарды қоса алғанда) 2017 жылдағы 105,797 млрд. теңгеден 2018 жылы 137,223 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. 2018 жылғы 3-тоқс. 33,9 млрд. теңгемен салыстырғанда, 2018 жылғы 4-тоқс. операциялық шығыстар 36,5 млрд. теңгеге дейін 7,8%-ға ұлғайды. Бұл ұлғаю негізінен 2018 ж. 4-тоқс. Банк мүлкінің, инвестициялық активтердің және сатуға арналған активтердің құнсыздануына байланысты 2,3 млрд. мөлшеріндегі шығыс есебінен орын алды. 2018ж. 3-тоқс. қаржылық емес активтердің мұндай ірі құнсыздануы болған жоқ. Операциялық шығыстардың ұлғаюы 2018ж. 3-тоқс. салыстырғанда, 2018ж. 4-тоқс. жалақыға және сыйлықақыларға шығыстардың негізінен 2018 ж. шілде айында біріктіруге байланысты бір реттік төлемдер есебінен 8,7%-ға төмендеуімен ішінара өтелді.

Операциялық шығыстарды операциялық кірістерге қатынасы алдыңғы жылдағы 29,5%-бен салыстырғанда 2018 жылдың 12 айында 31,7%-ға дейін ұлғайды. 2018ж. 3-тоқс. салыстырғанда, 2018ж. 4-тоқс. операциялық шығыстардың жоғарырақ деңгейі және операциялық кірістердің төменірек деңгейі салдарынан 2018 ж. 3-тоқс. 24,5%-бен салыстырғанда, 4-тоқсанда көрсеткіш 28,5%-ды құрады. Операциялық кіріс негізінен өзге пайыздық емес кірістердің төмендеуі есебінен 7,3%-ға төмендеді.

Орташа меншікті капиталға қайтарым (RоAE) 2017 жылғы 12 айдағы жылдығы 22,7%-дан жылдығы 27,9%-ға дейін өсті.

Орташа активтерге қайтарым (RоAA) 2017 жылғы 12 айдағы жылдығы 2.6%-дан жылдығы 3.0%-ға дейін өсті.

Активтер 2018 жылғы 12 айда үшін 1,1%-ға өсіп, 8,9 млн. теңгені құрады. Активтер 2018ж. 3-тоқс. аяғымен салыстырғанда, 2018ж. 4-тоқс. негізінен клиент салымдары түсімі және бөлінбеген пайда өсуі есебінен 6,8%-ға өсті.

2018 ж. 3-тоқс. аяғымен салыстырғанда, клиенттерге берілетін қарыздар 7,6%-ға брутто негізде және 6,8%-ға нетто негізде өсті. 2018ж. 4-тоқс. несиелік портфельдің өсуі (+8,8% брутто негізде) корпоративтік портфельдің, ШОБ портфелінің өсуіне (+17,8% брутто негізде)  және ипотекалық портфельдің өсуіне (+1,9% брутто негізде) байланысты болды, бұл ретте өсу тұтынушылық қарыздар портфелінің төмендеуіне (-1,4% брутто негізде) байланысты ішінара ұсталып тұрды.

Банктің NPL 90+ коэффициенті 2018ж. аяғындағы жағдай бойынша 12,1%-бен және 2018ж. 30 қыркүйектегі 10,9%-бен салыстырғанда, 8.2%-ды құрады. Коэффициенттің төмендеуі проблемалық берешекті есептен шығару, өтеу және қайта құрылымдау есебінен орын алды.

Құнсыздануға резервтер 2018ж. 3-тоқс. салыстырғанда, негізінен бұрын нетто негізде шоғырландырылған ККБ қарыздарын (яғни 2017 ж. 4 шілдеге дейін жасалған провизияларды қоспағанда) қайта құрылымдау нәтижесінде провизиялар ұлғаюы есебінен 15,6%-ға өсті. Қайта құрылымдаудан кейін осы арқылы провизияларды ұлғайта отырып, бұл қарыздар есептілікте брутто негіздегі жаңа қарыздар болып көрсетілді.  Нәтижесінде 2018ж. 30 қыркүйекпен салыстырғанда, брутто негіздегі қарыздар 2018ж. 31 желтоқсандағы нетто негіздегі қарыздарға қарағанда, көбірек өсті.

Заңды және жеке тұлғалардың қаражаты 2018ж. 30 қыркүйекпен салыстырғанда, негізінен клиент салымдары түсімі және 4-тоқсанда теңге бағамы әлсіреуі салдарынан шетел валютасында деноминацияланған депозиттерді оң қайта бағалау есебінен сәйкесінше 11,0%-ға және 4,6%-ға өсті. 2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша депозиттердің жалпы сомасындағы теңгеде номинацияланған корпоративтік депозиттердің үлесі 2018ж. 30 қыркүйектегі 49,7%-бен және 2017ж. 31-желтоқсандағы 48,3%-бен салыстырғанда, 48,3%-ды құрады, сонымен қатар депозиттердің жалпы сомасындағы теңгеде номинацияланған бөлшек салымдардың үлесі іс жүзінде өзгермей, 2018ж. 30 қыркүйектегі 41,4%-бен және 2017ж. 31-желтоқсандағы 40,7%-бен салыстырғанда, 41,0% деңгейінде қалды.

Кредиттік мекемелер қаражаты 2018ж. аяғымен салыстырғанда, негізінен қазақстандық банкілердің қарыздары мен салымдары өсуі және ағымдағы қызмет барысында корреспонденттік шоттардағы қалдықтардың ұлғаюы есебінен 4,3%-ға өсті. 2018ж. 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қаржы институттар алдындағы Банк міндеттемелерінің 76,0%-ы 2014ж.-2017ж. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-тан, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тан және «Қазақстанның даму банкі» АҚ-тан экономиканың жекелеген секторларын қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде алынған қарыздардан құралды.

Шығарылған бағалы қағаздар 2018 ж. 3 тоқсанының қорытындысымен салыстырғанда 0,6%-ға, негізінде 2018 ж. 4 тоқсанындағы теңге бағамының әлсіреуі нәтижесінде валюталық Еврооблигацияларды қайта бағалау есебінен өсті. Банк 2019 ж. 1 наурызда 5,5% мөлшерлемесімен және өтеу мерзімі 2022 ж. құрайтын 750,000,000 АҚШ доллары сомасына шығарылған облигацияларды ішінара мерзімінен бұрын өтеді. Ішінара өтеу есептелген, бірақ төленбеген сыйақымен бірге 200,000,000 АҚШ доллары мөлшерінде жүргізілді.

2018 ж. 3 тоқсанымен салыстырғанда Банк капиталы 2018 ж. 4 тоқсан ағымында Банк тапқан таза пайда есебінен 9,0%-ға өсті және 1 065 646 млн. теңгені құрады.

NAR.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған