Сәл ғана

күтіңіз

«Әр нәрсенің өз уақыты болады»

«Ерке қыз» деп ән салып жүріп, халықтың еркесіне айналған «Жігіттер» тобының «Балқадишасы», «Ләйләмі», «Арман-айы», «Жаңа жылы» тағы да басқа туындылары әлі де халық жадында. Сахнаны бағындырғанына биыл 16 жылдың жүзі болған квартеттің мүшесі, әнші Айдар Тұрғанбекті әңнімеге тарттық.

Түркия мен Маңғолияда концерт бермекпіз

«Жігіттер» тобы өз кезегінде халықтың қалаулысы болып, тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді. Әр топтың шарықтау шегі болады. Сол сияқты,  «Жігіттер» тобының да шарықтаған шағы болды. Кез келген нәрсенің өз кезеңдері, уақыты бар. Бірақ, жігіттер тобы тарамады. 15 жылдығын дүркіретіп өткізіп, біршама уақыт бойы жасаған дайындығымыздың жемісін көрсеттіңғ халықтың бізід сағынып қалғанын ұғындық. Енді Түркияда, Маңғолияда концерт беремекпіз. Әлі де жоспарлар бар. Жұмысты жалғастырып жатырмыз.

Халық арасында талқыға түсті

«Қарындасқа тілек» деп ағалық өсиетпен қарындастарымды шығарып салып жатқаным үлкен талқыға түсті. Айтарлықтай олқылық көріп тұрғаным жоқ. Өйткені, бүкіл қазақтың қызы – менің қарындасым. Қаракөз қазақтың қыздарына  арналған ән. Ағасы қарындасына өсиет айтып, жарына шығарып салғанында тұрған ештеңе оқ деп ойлаймын. Бар болғаны екі жағында екі жеңгесі шығарып салып, мен ағалық ниетпен әнімді айтып шықтым.

Ең ұзақ жазылған ән

Шығармашылығымдағы ең ұзаққа созылған туынды «Аман бол анашым» деген ән болды. Жетімдерге арналған шығарма екі тілде жазылды. Жарты жылға жуық уақыт жұмсалды. Ағылшын тіліндегі нұсқасы бар, балаларға айтқызғаным бар, оған клип түсіруім бар уақыт пен үлкен еңбек кетті. Шығуы ұзаққа созылғаны осы ән болды. Қалған туындылар бір-екі айда бітіп жатыр.

Бала тәрбиесі

Менің қыздарым әлі кішкентай. Көбінесе үйде болмағандықтан тәрбиесімен аналары айналысады. Жалпы бір ауызбен айтқанда кішкентай болғандықтан еркіне жібереміз. Қазақ айтады ғой 1 жастан 6 жасқа дейін патшаңдай көр деп. Сондықтан, әзірге істегеніне көп қаталдық тантпаймыз. Шектен шығып жатса, қой деп айтатынымыз бар. Бір ауызбен айтқанда өз еркіне жібереміз.

Тілге деген құрметті әркім өзінен бастауы керек

Мен Антальяда жүргенде барлық мемлекеттерден адамдар келді. Бәрі өз арасында ұлттық тілдерінде сөйлеседі. Қазақтар ғана бір-бірінің арасында орысша әңгіме дүкен құрғанын көріп қынжылдым. Енді қазақ тілі өзіміз сөйлемесек  кімге керек  деген ойға келдім. Біздің тіліміз өте бай . Тек соның қадіріне жете алмай жүрміз. Кейбір сөздерді естігенде ғажайып күйге енесің. Сондай білмей жүрген сөздер насихатталса, ұрпақтың санасына өнер арқылы сіңірілсе керемет болар еді. Ол үшін тілге деген құрметті әркім өзінен бастауы керек.

Әлемдік аренаға шығу

Мен ағылшын тілін оқып бастаған болатынмын. Оған септігін тигізген ағылшынша айтқан әнім болды. Жоспарда басқа тілде ән айту әлі де бар. Бірақ тілге айтарлықтай махаббат болмағандықтан үйренгім келмей ерініп жүрмін. Әлі барамын. Мақсатым – ән айту, әлемдік проблемаларды ағылшын қазақ тілдерінде жеткізу.

Талғамда талас жоқ

Жазып жатқан әндеріміздің бәрі халыққа арналған. Халықты да тәрбиелейтін өнер адамдары. Мен «Аман жүр анашым» деген ән жаздым. Қаншама отбасы соның арқасында қосылып жатыр деп естідім. Сондай жағдайларды естігенде қатты қуанасың. Тыңдарманмен байланысымды барынша жақсы қылуға тырысамын. Әрбір тыңдарманның ойы маңызды. Жақсы да жаман да тілектер айтылады, пікір білдіреді. Сол нәрсе мені шабыттандырады. Әркімнің өз таңдауы бар. Талғамда талас жоқ.

Үлкен мәселелерді ән арқылы жеткізгім келеді

«Аман жүр анашым» ағылшын тіліндегі нұсқасы шыққандықтан почтама әлем елдерінен де әртүрлі пікірлер келіп жатты. Лондоннан, Франциядан, Африкадан, Египет пен Малазиядан хаттар келді. Бұл мен үшін үлкен бақыт. Әнімді тыңдап, пікір білдіріп жатқаны қатты қуантты. Қазір демеуші іздеу үстіндемін. Жақсылыққа шақыратын, жамандықтан ада ететін әндер жазу ойымда бар. Қазір көп адамдар ата-анасын қарттар үйіне өткізіп тастайды. Қартайғанда қарамай қояды. Бұл үлкен әлемдік проблема. Ата-ананың қадірін түсіндіретін туынды жазуды да армандаймын. Ол үлкен еңбекті және қаржыны талап етеді. Жаны ашитын ағаларымыз болса, нұр үстіне нұр болар еді. Оған қоса суицид мәселесі де үлкен әлемдік деңгейдегі мәселеге айналды. Осы тақырыпты қозғап ән жазсам деген ойым бар. Бір адамның болса да өмірін құтқарып қалсақ, бұл мен үшін үлкен бақыт болар еді.

Дайындаған: Дана РУСЛАНҚЫЗЫ

NAR.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған