Сәл ғана

күтіңіз

Қарағанды орталық саябағында теннис корды салынбақ

Қарағанды қаласының орталық саябағында салынғалы жатқан теннис кордының құрылысына xалық наразылығын білдірді деп хабарлайды Nar.kz Қарағандыдағы тілшісі.

Жасыл желекке оранған саябақтың орнына үлкен ғимарт салынса, ондағы ағаштардың тамырына балта шабылып, экологияға да өз зиянын тигізеді деп дабыл қағуда. Саябақтағы ағаштарды қоршап, оларға белгі салып қойғанын көрген қала тұрғындары бірден әлеуметтік желілерде xабар тарата бастаған. Осы оқиға жайлы мәлімдеме жасаған қала басшысы.

«Құрылысқа рұқсат берілген жоқ. Ол заң жүзінде қабылдануы керек. Экологияға қатысты сұрақтарға жауап іздеп, қоғамдық тыңдалым өткізілуі тиіс. Бірден айта кететін жайт ағаштар кесілмейді, басқа саябақтарға қайта отырғызылады»,-деді Нұрлан Әубәкіров.

Құрылысқа тапсырыс беруші теннис федерациясы. Ғимарат құрылысына 2,2 млрд теңге қаржы құйылған. Осындай тенис корттары Петропавл мен Ақтөбеде де бар екен. Қарағандыда салынғалы жатқан теннис корды аумағы жағынан басқаларынан едәуір үлкен болмақ.

Дайындаған: Ақниет ЫСҚАҚ

NAR.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған