Сәл ғана

күтіңіз

Көбелек кейпіндегі робот

Осыдан 5 жыл бұрын француз авиаинженері Эдвин Ван Руймбеке Bionic Bird құс-робот ойлап тапқан болатын. Бүгінде өнертапқыш осы туындыға ұқсас MetaFly деп аталатын көбелекті халық назарына ұсынып отыр.

MetaFly – ұзындығы 19 см, қанатының көлемі 29 см, салмағы бар жоғы 10 граммды құрайды. Альюмини жүрегі бар кішкентай қозғалтқышы литий-полимерлі батареядан қуат алады. Қуаты 8 минут бойы ұшуға жеткілікті. Бір қызығы, құрылғы  көбелекті басқаруды жаңадан үйреніп жүрген адамдарды анықтап, қателіктеріне кешіріммен қарайды.Робот сұйықкристалды полимерлерден, полипропеленнен жасалған. Сондықтан, көбелек құлаудан, соғылудан қорықпайды.

MetaFly қанаттарын қағу арқылы қозғалысқа түсіп, артқы бөлігінде орналасқан руль көмегімен бұрыла алады. Көбелектің ең жоғарғы жылдамдығы 18 км/сағ. 100 метр қашықтықта ұша алады. Бұл құрылғының бағасы бүгінде 129 АҚШ долларын құрап отыр.

NAR.KZ

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған