Сәл ғана

күтіңіз

«Қыз Жібек» клубының I Республикалық онлайн форумы өтті

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі департаментіне қарасты «Қыз Жібек» клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қыз Жібек» клубының I Республикалық онлайн форумы өтті.

Форумның негізгі мақсаты: Елбасы Н.Назарбаевтың «Бір қызды тәрбиелеу-бір ұлтты тәрбиелеумен тең» деген асыл сөзін іс жүзінде қолдана отырып, еліміздегі жоғарғы оқу орындарындағы қыздар ұйымдарымен жоспар құру, өзара тәжірибе алмасу. Бүгінгі қыз – ертеңгі ибалы жар, сыпайы келін, қамқор ана. Жалпы, ұрпақ тәрбиесі мен сабақтастығының мызғымас ұйытқысы. Осынау жолда «Қыз Жібек» клубының атқаратын өзіндік үлесі өте зор. «Қыз Жібек» клубы – аяулы аруларымыздың тәрбиелі, парасатты, жан-жақты болып өсуіне ықпалын тигізіп жүрген бірден-бір клуб. I Республикалық онлайн форумды Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі департамент директоры Сұлтанова Жаңагүл Сердалықызы ашты.

Форумға Қазақстанның еңбек сіңірген қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Парасат» орденінің және «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері – Осман Асылы Әлиқызы «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында қыздардың жалпы тәрбиесі туралы баяндап, өзінің өсиетті ойларын жеткізді. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Жалпы педагогика» кафедра қауымдастығының профессоры, педагогика ғылымдарының кандиданты, – Қоңырбаева Сараш Сахиқызы– Қазақ қызының ХХІ ғасырдағы бейнесі туралы баяндап, Университетімізде өтетін «Қазақ Аруы» пәні туралы жан-жақты ақпарат алмасты. Филология ғылымдарының докторы, профессор Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі – Ермекова Тыныштық Нұрдаулетқызы қазақ қыздарының ибалығы мен инабаты туралы сөз қозғап, «Қызым саған айтам…» бейнедәрістер сериясын таныстырып өтті.

Бұл форумға G-global порталындағы online байланысқа түскендер:

  1. Өскемен қаласы, Сәрсен Аманжолов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
  2. Орал қаласы, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
  3. Павлодар қаласы, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 4. Атырауы қаласы,Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
  4. Астана қаласы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлтық университеті
  5. Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Томирис» қыздар клубы
  6. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Зере» қыздар клубы
  7. Қазақ ұлттық аграрлық университеті «Әдеп» клубы
  8. №28 жалпы білім беретін орта мектебі, №45 мектеп- гимназиясы
  9. Мұхамеджан Тынышбаев атындағы орта мектептерінен Ұмай ана» үйірмесінің жетекшілері келді.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Phd доктаранты, «Қыз Жібек» клубының экс-төрайымы Ахтаева Маржан Бақытқызы «Қыз Жібек» клубының тарихын баяндап өтсе, қазіргі «Қыз Жібек» клубының белсендісі Салтанат Серікқызы «Қыз Жібек» клубының басты бес бағытын атап, мақсат-міндеттерін таныстырды. Форум соңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқу және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Жүніс Қайрат Әлішерұлы қорытынды сөз сөйлеп, келген спикерлерді алғыс хатпен марапаттады.

NAR.KZ

1 thought on “«Қыз Жібек» клубының I Республикалық онлайн форумы өтті

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған