Сәл ғана

күтіңіз

Бизнес-жоспар құрудың шарттары

«Бизнес жоба» дегеніміз –  нақты қаражаты есептеліп, жүзеге асуы қамтамасыз етілген құжат. Кәсібіңіздің болашағына тікелей әсер етіп, табысыңыздың мөлшерін анықтайтын, бастаған бизнесіңіздің негізгі маңызды бөлшегі. Бизнес-жоспар құрғанда неге мән берген дұрыс? Бизнес-жоспардың қандай құпиялары бар? Сынды сұрақтарға жауап іздейтін боламыз.

– Бизнес-жоспар құру айтарлықтай қиын жұмыс емес. Ең алдымын идеяңызды жан-жақты ойланып, нақтылап алыңыз. Жобаңыздың жақсы жаман жақтарын анықтаңыз.

– Бәскеге қабілеттілік пен нарықтағы тұрақтылық жобаның ұтымды болуына әсер етеді. Сондықтан, алдын-ала өлшемдер жасаған жөн.

– Алғашқы табысты есептеңіз. Ол арқылы сіз жобаға қанша қаражат салу керек екенін түсінесіз.

Осы сараптамадан кейін жобаңызға сенімді болсаңыз, бизнес жоспар құруды бастасаңыз болады.

Бизнес жоспар құру үшін

– Кәсіпорынның қандай мақсатпен жұмыс істейтінін анықтау.

– Стратегиялық концепциясын жасау. Яғни, кәсіпорынның қай салада қызмет ететінін таңдау.

– Кәсіпорындағы жұмысты тиісті адамдарға тапсыру.

– Стратегиясына яғни кәсіпорынның мүмкіндіктеріне, мықты жақтарына, осал тұстарына, кемшіліктеріне мән беру.

Оңтайлы бизнес жоспардың құрылымы 10 бөлімнен тұруы керек.

  1. Алғашқы бет

Жобаның атауы;

Кәсіп орынның атауы, жоба қай жерде жүзеге асады, мекен-жай, байланыс номерлері;

Кәсіпорынның жетекшісі;

Идеяның авторы;

Құжатты жасаған уақыт;

Қаржылық есептеулер;

  1. Құпиялылық туралы мемарандум

Бизнес жоспарға авторлық құқықтың сақталуын қадағалайтын құжат. Жоспарды оқыған адамның автордың рұқсатынсыз оны таратуға, жариялауға, екінші бір тұлғаға беруге құқы жоқ.

  1. Қысқаша түйідеме

Қызмет түрі туралы қысқаша ақпарат беру үшін, төмендегі сұрақтарға жауап берілуі тиіс.

Кәсіпорынның қызметі қалай жүзеге асады?

Өнімді тұтынатын кім?

Бір жылда қаншалықты қызмет көрсете алады? Қанша табыс табады?

Жобаға қанша қаржы кетеді?

Қанша жұмысшы қызмет атқарады?

Қаржыландыру көзі қандай?

Жалпы табыс көзі қанша болмақ?

  1. Жобаның идеясы

Автор бұл жерде жобаның негізгі идеясынан хабардар етіп, келесі сұрақтарға жауап береді:

Жобаның басты мақсаты қандай?

Басты мақсатқа жету үшін кәсіпорын қандай жұмыс жасауы керек?

Алға қойған мақсатқа жету жолында қандай қиындықтар бар? Қиындықтардан қалай өтуге болады?

Жоспар қысқа мерзімде жүзеге асу үшін қандай әрекеттер жасауы керек?

  1. Нарықтағы сипаттамасы

Кәспорынның жарыққа шығуға дайындығы кеңінен жазылуы шарт. Бастапқы мақсаты, тауардың өткізудің детальдары, өнімді нарыққа шығару кезеңдері, алғашқы шығын нақтылануы керек.

  1. Маркетинг жоспары

Бұл өнімнің өтімділігін қамтамассыз ететін, кәсіпорынның ерекшелігін айқындайтын стратегиялық жоспар. Инвестор төмендегі бөлімдерге ерекше назар аударады.

Нарықтық анализ;

Тауардың жоспарланған мөлшері;

Іске асыру жолдары;

Тауардың немесе қызметтің бағасын анықтау;

Жарнамалық стратегия;

Сервистік қызмет көрсету;

Меркетинг стратегиясының іске асу жоспары;

  1. Өндірістік жоспар

Өнімді өндіруге қатысты ақпараттар тізбегі.

  1. Ұйымдастыру жоспары

Компания жұмысшыларын басқару стратегиясы қарастырылады. Жұмысшыға берілетін қызмет түрі, соған сай төленетін жалақы мөлшері, қызметкердің компанияға алып келетін табысы.

  1. Қаржылық жоспар

Бизнес-жоспардың басты бөлігі. Компанияның экономикалық жағдайынан хабардар етеді. Валютаның динамикасы, төленетін салық көлемі, кіріс пен шығысқа есеп беру жоспары жазылуы керек.

  1. Тәуекелге бару деңгейі

Жобаның қаншалықты тәуекел жасайтыны жазылады. Қаражатты шығара алмай қалу ықтималдылығы есептеледі.

Дайындаған: Дана РУСЛАНҚЫЗЫ

NAR.KZ

 

 

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған