Сәл ғана

күтіңіз

Саяхатқа арналған сөмкеге не салу керек?

Турист үшін саяхатқа керек сөмкені дайындау оңай шаруа емес. Ең қажет деген заттарды жинастырып қана қоймай, оның жеңіл әрі ыңғайды болуын да қадағалаған жөн. Көктем мен күз мезгілінде саяхатшыға қажетті 25 құралды назарларыңызға ұсынамыз.

  1. Ыңғайлы әрі сыйымды, жаңбырдан қорғайтын қабы бар сөмке.
  2. Ұйқыға арналған арнайы мөшек.
  3. Туристистік кілемше.
  4. Жаңбырға арналған плащ.
  5. Су өткізбейтін шатыр.
  6. Қатты, сырғанақ емес, ыңғайлы саяхатқа арналған аяқ-киім.
  7. Қосалқы аяқ-киім.
  8. Сланцы.
  9. 2 шалбар.
  10. 2 кофты немесе жемпір.
  11. Термокиім.
  12. 2-3 футболка.
  13. Желден қорғайтын күртеше.
  14. Қысқа шалбар.
  15. Баскиім.
  16. Күннен қорғайтын көзілдірік.
  17. Жылы шұлық.
  18. Жеке ыдыс-аяқ.
  19. Жуынатын заттар(тіс пастасы, щетка, сабын, қағаз т.б).
  20. Орамал.
  21. Жеке дәрі салғыш, күннен қорғайтын крем.
  22. Фонарик, компас, сіріңке.
  23. Қоқысқа арналған мөшек.
  24. Су.
  25. Жақсы көңіл-күй.

Оған қоса сізге жеке куәлік, сақтандыру полисі, қаражат қажет болуы мүмкін.

Саяхатқа арналған сөмкеге заттарды қалай орналастыру қажет?

Салмағы ауыр заттарды арқаңызға жақын жерге салыңыз. Егер, жоталары көп, таулы жерге жолыңыз түссе ауыр заттарды бел жаққа орналастырған жөн. Сөмкенің негізгі қалталарына тамақ, ыдыс пен аяқ киімді, белдіктерге шатыр мен кілемшені байлаңыз. Ұйқыға арналған мөшекті сөмкенің ең астыңғы бөлігіне салыңыз. Арқа жағыңызда жұмсақ заттар болғаны дұрыс. Сөмкенің ішінде бос орын қалдырмауға тырысыңыз.

Саяхатқа арналған сөмкені жинағанда неге мән беру керек?

Сөмкенің салмағы сіздің салмағыңыздың 1/3 бөлігінен көп болмауы керек.

Сөмкенің ішінде бос орын қалмауы қажет.

Сөмке басыңыздан жоғары болмағаны жөн.

Заттарыңыздың барлығы сыймай қалса, кейбіреуін үйге тастаңыз немесе престеп салсаңыз дұрыс болады.

Белдіктерін ыңғайлы ұзындыққа қойыңыз.

Сөмкені саяхатқа шықпас бұрын тағып көріп, отырып, тұрып, еңкейіп алдын ала тексеріп алыңыз.

Дайындаған: Дана РУСЛАНҚЫЗЫ

NAR.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған