Сәл ғана

күтіңіз

Суды тазалаудың жаңа әдісі пайда болды

Абдуахитов Дильшат Ерікұлы – криогель арқылы суды тазартудың жаңа әдісін ойлап тапқан. Ауыз судың барлық талаптарына сай болу үшін мүмкіндігінше өз әдістерін жасап, тың идеяларын ұсынып отыр.Ол осы жобасы арқылы Республикалық, Халқаралық байқаулардан жүлделі болған. Адам өмірінде ерекше орын алатын судың тазалық жұмыстарна көңіл бөлген Дильшат жобасы жайлы айтып берді.

«Соңғы жылдары елімізде суды тазалайтын арнайы фильтірлер, таблеткалар шыға бастады. Қалтасы көтеретін әрбір адам тазалағыш құралдарды тұтынуы жиілетіп келеді. Бірақ, халықтың барлығының суды тазартуға шамасы жетпейтіні белгілі. Тіпті, ауыз суға зар болып отырған аудандар да бар екенін білеміз. Таза су – денсаулықтың кепілі. Осы мәселе мені қатты алаңдатқандықтан, суды тазалаудың ортақ әдісін ойлап таптым. Бұл әдісті орталық су жүйесіне енгізер болсақ, онда халықтың көп бөлігі пайдалы жолмен тазартылған, зиянсыз суды тұтына алады»,- дейді жас ғалым Ділшат.

Дайындаған: Дана РУСЛАНҚЫЗЫ
NAR.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған