Сәл ғана

күтіңіз

Кәсіпкерлерге берілетін кредит мөлшерлемесі төмендеді

Кәсіпорындарға теңгемен берілген кредиттер мөлшерлемесі төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.

Е.Досаев кредит беру нарығының қалпына келіп жатқандығын айтты.

«2019 жылғы  қаңтарда  898 млрд теңге сомаға жаңа  кредиттер берілді. Бұл өткен жылғы осындай кезеңнен 8,2 пайызға көп. Кредиттік портфель 2019 жылғы  қаңтардың соңында 12,5 трлн теңгені құрады», – деді ол.

ҰБ басшысы кәсіпорындарға теңгемен кредиттер бойынша мөлшерлеме 2018 жылдың басындағы 13,2 пайыздан 2019 жылғы  қаңтарда 12,4 пайызға дейін төмендегенін, қысқа мерзімді кредиттер бойынша мөлшерлеме 12,9 пайыздан 12,3 пайызға дейін, ұзақ мерзімді кредиттер бойынша 14,3 пайыздан 13,8 пайызға дейін түсірілгенін атап өтті.

«Экономиканың басым секторлары үшін 600 млрд теңге сомаға ұзақ мерзімді ресурстар беру міндеті аясында Қазақстан Ұлттық банкі Үкіметпен және банктермен бірлесіп жобаларды қаржыландыру тетіктерін әзірледі. Қазіргі уақытта олар іске асырылуда. 2019 жылғы  1 наурызда екі банктің 25 млрд теңге сомаға облигациялары сатып алынды», – деді Е.Досаев.

Дереккөз: http://www.inform.kz

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған