Сәл ғана

күтіңіз

Ұшатын автокөлік қашан қолданысқа енбек?

PAL-V компаниясы Liberty Pioneer деген атаумен ұшатын автокөліктің жаңа нұсқасын ойлап тапты. Өндірушінің айтуы бойынша бұл құрылғы әлемдегі алғашқы сертификатталған коммерциялық ұшатын автокөлік болмақ.

Құрастыру механизіміне назар аударатын болсақ, Liberty Pioneer трициклдың гибриді. Яғни үш дөңгелекті көлік пен автожирдың қосындысынан жасалған. Ол бұрылыстарда иіліп, бұранданың жүзіне сүйенеді. Автожирге трансформациялау адам күші арқылы жүзеге асады.

Қарапайым жолдарда жүру үшін арнайы дөңгелектер қарастырылған. Әуеге ұшу  итергіш бұрандалар арқылы жүзеге асады.

Pal-V Liberty Pioneer-ге екі қозғалтқыш орнатылған. Оның ұшу барысындағы қуаты 100 л. с. және 200 л. с. құрайды. Қозғалтқыш АИ-95/98 автокөлік жанармайы, Е10 қоспасын немесе авиациалық бензин арқылы жұмыс жасайды. Ең жоғарғы жылдамдығы  – 160 км/сағ. 100 км/сағ дейін ұшқыш көлік 9 секундтың ішінде қозғалысқа түсе алады. 7,6 литр жанармай орта есеппен 100 киллометрге жетеді.

Pal-V  3500 метр биіктікте 500 киллометрге жуық арақашықтықты 180 км/сағ жылдамдықпен  ұшып өте алады. Бұл жұмысына 26 литр жанармай қажет. Ұшу үшін оған 330 метрлік ұшу жолағы керек болса, қону үшін небәрі 30 метрді қажет етеді.

Pal-V Liberty Pioneer әуелі АҚШ пен Еуропа үшін құрастырылған. Өйткені оларда жеке аэродромдар жақсы дамыған.   Алғашқы нұсқалары 599 000 доллар шамасында саудаланбақ. 2020 жылы 90 көлік қолданысқа енгізілетін болады.

Дайындаған: Дана РУСЛАНҚЫЗЫ

NAR.KZ

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған