Сәл ғана

күтіңіз

Алматыда қыста қайда демалуға болады?

Қыстың суық күнінде бой сергітіп, денсаулығыңызды жақсатрқыңыз келе ме? Қаланың күйбең тіршілігінен жалығып, демалысыңызды жақсы өткізу ойыңызда бар ма? Олай болса Алматыдағы ең үздік қысқы демалыс орындарын назарларыңызға ұсынамыз.

«Лесная сказка» тау курорты.

Алматыдан 30км жердегі Ой-Қарағай шатқалында орналасқан демалыс аймағы келушілерді ерекше табиғатымен таңқалдырады. Курортта жылдың қай мезгілінде болмасын уақытыңызды жақсы өткізуге мүмкіндік бар. Қонақ бөлмелер мен котедждерді, мейрамхана және белсенді демалысқа арналған көптеген ойын түрлерін де «Лесная сказкадан» таба аласыз. Әртүрлі деңгейдегі шаңғыға, сноубордқа арналған 12км трассаларда арнайы мамандар үлкендер мен балаларға сырғанау ережелерін үйретіп, сіздің спортқа деген қызығушылығыңызды арттыра түседі. Демалыс аймағында 3 канатты және 11 бугелді көтергіштер жұмыс жасайды. Сонымен қатар, ат үстінде серуен құрып, коньки, сырғанақ та тебуге болады. Оған қоса, «Лесная сказканың» ЭТНО-СПА орталығы да бар.

«Ақ бұлақ» тау-шаңғы шатқалы

Іле Алатауындағы демалыс өткізуге арналған керемет орындардың бірі. Бірнеше дәрежелі трассалар мен канатты жолдар бар. Мәселен, КГД-1 – адамды 7 минуттың ішінде 2006м биіктікке көтеретін канатты жол. 2,5км бойы сіз таудағы тамаша табиғатқа куә бола аласыз. Ал, ККД-3 – ұзындығы – 700м, кеңдігі – 200м құрайтын сырғанау жолы.Тағы бір деңгейлі жол ККД-1 деп аталады. Ол шаңғы, сноубордпен тұрақты түрде шұғылданып жүрген спортшыларға арналған. Оған қоса шанамен сырғанауға арналған арнайы жол да қарастырылған. Егер, өзіңіздің қауіпсіздігіңіз алаңдатар боса, демалыс аймағында арнайы медициналық пунктар мен, потрульдер жұмыс жасайды.

«Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты

Іле Алатауы шатқалында 2510 метр биіктікте орналасқан. Тау шаңғы мектебі, арнайы трассалар, канатты жолдар мен көтергіштер демалушылардың санын жылдан-жылға арттырып отыр. Сонымен қатар, боулинг, мейрамхана мен сауна моншасын да «Шымбұлақтан» таба аласыз. Бір ерекшелігі кішкентай балаларға арналған «Бэби-литфт» отбасымен бірге демалысқа келушілердің қызығушылығын тудырады.

«Елік-Сай» тау-шаңғы базасы

Бұл демалыс орны өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Басқа жерлердегідей бес жұлдызды қонақ үйді де, қымбат мейрамханады да «Елік-Сайдан» табу қиын. Бугельді типтегі көтергіштер мен тәулігіне 2500тг ден басталатын кеме іспеттес үйлер келушілердің назарын өзіне аударған. Базаның 4 түрлі көтергіші бар. Бірінші көтергіштің ұсындығы – 350м. Жаңадан сырғанауды үйреніп жүргендерге таптырмайтын мүмкіндік. Екіншісі – 600м. Бұл демалыс орындағы ең танымал әрі көп қолданылатын жол болып есептеледі. Бір уақытта сырғанайтын адам саны 4-5 тен асыруға болмайды. Үшінші көтергіш көп қолданыла бермейді. Оған тек бір адамнан ғана көтеріле аласыз. Оның ұзындығы – 250м болса, төртінші көтерілгіш ұзындығы – 500м. Демалыс аймағында қызметкерлер келушілерге қызмет көрсетіп, бағыт бағдар сілтеп отырады.

Қысқы демалысыңызды Оңтүстік астананың керемет жерлерінде өткізу ойыңызда болса, біздің ақпараттарымыз пайдаңызға асып қалар. Саяхатыңыз сәтті өтсін!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған