Сәл ғана

күтіңіз

Қоқыстан құрылғыға дейін

«Мұнай бәрібір жақын арада таусылады. Міндетіміз – қалдықты айналымға енгізу»,- дейді KazWaste қауымдастығының бастығы Шынболат Байқұлов. Елімізде қалдықтарды өңдеу мәселесі алдыға қойылып отыр. Осы орайда, бұл салаға деген жастардың да қызығушылығы жоғары. Солардың бірі – Еркебұлан Рахмаш. Он үш жасында машина құрастырған Жамбылдық жеткіншектің мақсат айқын, бағыты белгілі.

Бензиннен босаған пластикалық қалбырларды пайдаланып маторлы қайықтың кіші макетін жасаған. Осындай қызығушылықпен басталған талабы трактордың кіші макетін жасауға шабыттандырса керек.

«Ауылдың бітпейтін күйбең тіршілігін 10% жеңілдететін бұл тракторды қалдық темірлер, жарамсыз машина бөліктерінен құрастырдым. Қыстың күні шөп пен ауыр заттарды тасуға көп көмегін тигізеді», -дейді Еркебұлан.

Бұл тракторға алдағы уақытта жаңалықтар енгізіп, өзгерту жұмыстарын жасауды ойға алып жүргендігін жеткізді өнертапқыш. Ең соңғы жасаған жұмысы – сары түсті қоқыс жинаушы көлік. Оның ерекшелігі сумен жүретіндігінде. Атмосфераға зиянын тигізе бермейтін бұл көлік ауладағы қоқыстарды жинай алады екен. Бір қызығы қоқыс жинайтын машинаны да інісінің жарамсыз ойыншық машинасының дөңгелектерінен құрастырылған.

Еркебұлан алдағы 1-2 жылдың ішінде өзі тікұшақ құрастыруды жоспарлап отыр.

«Мен әлемге аспаннан қарағым келеді. Ол тікұшақты жасайтыныма сенімдімін. Пластик өнім сынып қалса, оны жеті рет қайта өңдеуге болатынын ескерсек, қалдық темірлерді шексіз өңдеп пайдалануға болады» -дейді ол.

Алдағы уақытта ауылдағы қажетсіз темір-терсеr жинап, елге пайдасын тигізетін дүниелерді жасап шығаруды да ойлап жүр.

«Ауылда әрбір үйде кезінде «қажетке жарар» деп жинап қойған темір бұйымдар өте көп. Не оны темір өткізетін орындарға қимайды. Дымқылда жатып тот басып, жоғалып кетпей тұрғанда, пайдаға асырғанмыз жөн болар еді. Болашақта осы салада ебі бар жастарды жинап, жаңа жобаны қолға алып, жаңалықтар ашқым келеді» дейді.

Жанерке МҰРАТХАНҚЫЗЫ

NAR.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған