Сәл ғана

күтіңіз

Ұлы дала және Мандоки мирасы

Алматы қаласындағы «Достық» үйінде ХалықаралықТүркі академиясының (TWESCO) ұйымдастыруыменбелгілі түрколог, қыпшақтанушы  ғалым Иштван Мандоки Қоңырдың 75 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция өтті.  «Ұлы  дала және Мандоки мирасы» атты шара  Елбасы Н.Ә.Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» аттыбағдарламалық мақаласында  айтылған мәселелер аясында жүзеге асырылды.

Шараға түрколог ғалымдар, Мажарстан, Ресей, Қырғызстан және өзге де бірқатар мемлекеттердің дипломаттары, қоғам қайраткерлері, ғалымның туыстары қатысты. Конференция барысында түркологияның өзекті мәселелері талқыланып, ғалымның жақындары Иштван Мандоки Қоңыр жайлы ескірмес естеліктерден сыр шертті.

«Қазақстанның түркі әлемінің қарашаңырағы екені рас. Осы бағытымыздан таймау үшін, біз түрік дүниесін біріктіретін үлкен күшке айналуымыз керек. Бұл академияның құрылуының да басты мақсаты сол болатын. Ол түркі тілдес алты мемлекет басшыларның ұсынысымен ашылды. Еуропа бұрыннан-ақ түркі мәдениетін мойындағысы келмеген. Түркі мәдениеті тарихтан орын алған керемет құбылыс. Мөде хан біздің дәуірімізге дейін 250 жыл бұрын Еуропаны жартысына дейін жаулап алды. Бұның өзі мәдениеттің деңгейін аңғартады.  Ал, Иштван Қоңыр түркі тілдес халықтардың жоғын жоқтап жүретін асыл азамат болатын»,-деп ой бөлісті ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының президенті Мұрат Жұрынов.

Шара соңында түркі интеграциясының нығаюы ментүркология ғылымынның дамуына үлес қосып жүрген ғалым-қайраткерлерге Халықаралық Түркі академиясының арнайы марапаттары табыс етілді.

NAR.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған