Сәл ғана

күтіңіз

Даяшы робот – IWaiter

«Заманына қарай адамы» деп тегін айтпаса керекті. Дәуір алдыға жылжыған сайын, адамзаттың дамуы да ерекше қарқын алып келеді. Бір кездері ата-бабамыз ұшақты армандаса, бүгінгі ұрпақ адам үшін жұмыс жасайтын роботтар шығаруға білек сыбана кіріскен. Солардың бірі IWaiter деп аталатын даяшы робот жасаған Никанур Тойкулиев, Нұрлыбек Алтынбек және Нұржан Жұмахан. Олар болашақтың құрылғысын ойлап тапқан. Robolab өнертапқыштар командасының жетекшісі, инжнер, Алматы технологиялық университетінің 1-курс магистранты. Даяшы қызметін атқаратын робот жасаған Нұржанды әңгімеге тартық.

Даяшы робот қалай жұмыс жасайды? Қандай қызметтер атқарады?

IWaiter – (ағыл. I-мен, Waiter-даяшы «официант») мейрамханаларда немесе  көптеген тамақтанатын  орындарда келушілерге  қызмет көрсететін робот. Меймандарды қабылдап  орналастыру, тапсырыс алу, көңіл күйін көтеру қызметін атқарады. Сонымен қатар  IWaiter келушілерге сыйлық ретінде сусындар  таратып отырады.

Робот жасауға қандай бөлшектер мен платалар қолданылды?

Роботтың негізі екі бөліктен тұрады. Сырқы бөлігі ақ түсті ПВХ материалынан жасалған, ішкі бөлігі ДСП профильдері мен ағаштарынан, арнайы құю механизімінен және электроникалық, бағдарламалық жүйеден тұрады. Ол итальяндық «Arduino» аикроплата платформасында құрылған.

Даяшы қандай жүйеге негізделіп құрастырылды?

IWaiter өз жұмысын белгілі бір сызылған сызық бойымен немесе өз еркімен жүру арқылы және алдынан шыққан тосқауылға соқтықпай өтіп орындайды. Қашықтықтан (немесе дауыс арқылы) бұйрық алып және қашықтықтан         басқарылып, бақыланылады. Биіктігі 130 см, ені 60 см және ұзындығы 90 см көлемде болады. Литий-ионды батареялармен жабдықталып макс. 2,30-3 сағат бойы қызмет көрсете алады. Сырт пішімі доғал келіп, ақ түсті материалдан жасалған.

Роботтарыңыз несімен ерекшеленеді?

Ерекшелігі тек қана даяшы қызметін ғана атқарып қоймай, адамдарға көтеріңкі көңіл сыйлай алатынында. Оған қоса үш тілде қызымет көрсете алатын, бағасы қолжетімді отандық өнім. Қазақстанда бұл роботтың баламасы жоқ.

Қолданушылары кім болмақ?

Мейрамхана, кафе, қонақ үй, ойын сауық орталықтарында IWaiter қызметін қолдану өте тиімді болмақ. Біздің құрылғымызға сұраныс өте жоғары болатынына сенімдіміз. Өйткені ай сайын даяшыға қызмет ақысын төлегенге қарағанда жұмыс берушіге бір рет робот сатып алып, ұзақ уақыт қолданған тиімді болмақ.

Елімізде бұндай роботтың қызмет етуі қаншалықты маңызды?

Бүгінгідей техника мен жаңа технологиялар қарыштап дамып жатқан заманда роботтар күнделікті өмірімізге кеңінен еніп, серігімізге айналары ғажап емес. Жапондықтардың роботтарды күнделікті тұрмысқа бейімдеп қойғаны бәрімізге белгілі. Жер шарының басқа да алпауыт мемлекттерінде осындай құлтемірлер қызымет етуде. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру үшін және де әлемдік тенденцияға ілесу үшін, мейрамхана мен мейманхана бизнесінің жаңа бір сатыға көтерілуі үшін даяшы роботтың маңызы зор.

Жобаларыңыз қоғамға пайдалы ма?

Кез келген дүниені жасап шығармас бұрын, оның маңызы, қажеттілігі және де пайдасы ескеріледі. Соны ескере отырып қоғамға, ғылымға жалпы өндіріске пайдалылығы анықталады. Негізгі қызметіне сай роботтың бизнес саласы мен қызмет көрсету саласы үшін маңызы жоғары.

Қолданысқа енгізілсе бағасы қанша болмақ?

Қолданысқа енгізетін болса бағасы аса бір жоғары бағаға ие болмайды деп ойлаймыз. Ең қарапайым зертханалық үлгісінің өзіндік құны 1 млн. теңгені құрайды.

 Дайындаған: Дана РУСЛАНҚЫЗЫ

NAR.KZ

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған