Сәл ғана

күтіңіз

Кипрдегі Халықаралық жазғы мектеп

Гирне Америкалық Университеті АҚШ, Ұлыбритания, Гонконг пен Түркиядағы білім саласы бойынша алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі. Солтүстік Кипрде орналасқан GAU халықаралық университетінде қазіргі таңда әлемнің 110 мемлекетінен 15000 студент білім алуда. Барлық мамандық бойынша білім беретін оқу орнының аясында жазғы мектеп ашылып, білім аламын деушілерге мүмкіндік жасалып отыр.

Global Career Institut-тың ұйымдастыруымен Гирне Америкалық университетінде өтетін жазғы мектепте ағылшын тілін меңгере отырып, жазғы уақытты тиімді пайдалана аласыз. Білім алып қоймай, Солтүстік Кипр аралындағы ескі қалалар Фамагуста, Саламис, Аббатство Беллапаис, Гирне қалаларына, әулие Хилларин қамалына, Карпаза жағажайларына саяхат жасап, демалыс өткізгіңіз келсе бұл тамаша мүмкіндік. Бағдарламада тіл курстарымен қатар, ойын-сауық бағдарламасы, танымдық курстар, турлар, экскурсиялар, халықаралық жиындар қарастырылған. 9 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан Халықаралық жазғы мектеп ағылшын тілінің бастапқы, орташа, жоғарғы деңгейлерін үйретіп, Халықаралық емтихандарға дайындық жүргізеді. Бір артықшылығы, ағылшын тілімен қатар түрік тілін меңгеруге де мүмкіндік алатын боласыз.

Жазғы мектеп ұйымдастырушылары аэропорттан күтіп алғаннан бастап, бағдарлама біткенге дейін жаныңызда болып, сіз үшін қызмет атқарады. Бағдарлама қатысушылары университет кампусындағы жекеменшік жатақханаларда орналасып, Солтүстік Кипрдың мемлекеттік ауруханаларынан тегін медициналық көмек ала алады. Оған қоса ұшақ билеттеріне жазғы мектеп қатысушыларына 15-20%-дық жеңілдіктер қарастырылған.

Ескере кететін жайт, егер сіз Халықаралық жазғы мектептің түлегі болсаңыз Гирне университетінде бакалавриат, магистратура бойынша білім алуға 75% жеңілдік аласыз. Білім көкжиегіңізді кеңіткіңіз келсе, жазғы мектептің қатысушысы болыңыз.

NAR.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған