Сәл ғана

күтіңіз

Орхан Хасаноғлұмен кездесу өтті

Алматыда Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен Халқаралық Гирне университетінің директоры, Әзірбайжан-Кипр достық қоғамының өкілі Орхан Хасаноғлұ журналистермен кездесті. Кездесудің басты мақсаты Әзірбайжанның латын қаріпіне өту тәжірибесімен бөлісіп, ынтымақтастықты кеңейту шаралары жайында ақпарат беру болатын.

«Қазакстандағы 40-қа жуық университетпен 8 жылдан бері іскерлік қарым-қатынастамыз. Сіздер жақын арада латын әліпбиіне көшу туралы арнайы заңға да қол қойдыңызыдар.

Қазақстан білім министрлігіның шақыруымен Оралдағы университетке Әзірбайжаннан арнайы ғалымдар келді. Қазақстан латын әліпбиіне көшетін кезде қандай мәселелер болуы мүмкін? Қиындықтардың алдын алуға болады ма? деген сұрақтарға жауап бердік. Әзірбайжан 25 жыл бұрын латын әліпбиіне көшті. Біз әлі күнге дейін осыған катысты мәселелерден қыйналып келеміз. 2001 жылы Гедералиев қабылдаған заң бойынша, екі халық бір-бірін 85%-ға жақсы түсінсе де, Әзірбайжан телеарналары түрікше телехикаяларды  Әзірбайжан тіліне аударып беруге мәжбүр.  Біз әл-Фараби, Абайларды кезінде кириллицамен оқып өскен болатынбыз. Ал қазіргі балаларымыз оны оқи алмайды. Өйткені, олар латын әліпбиімен ержеткендер. Бұл біздің бірігуімізге деген үлкен кедергі, трагедия.

Соңғы 100 жылда Әзірбайжан өзінің әліпбиін 3 рет ауыстырды. Осы ауысулар бізге кері әсерін тигізді. Өйткені басында төте жазу болатын, сосын кириллица, ал енди 90-жылдары латынға көштік. Біз өзіміздің атымыздан, «Global career institute” тарапынан Қазакстан латын әліпбиіне көшкен кезде қиындыктардың алдын алу жолдарын ұсынып, тәжірибемізбен бөлісеміз, кеңес береміз. Бұл жерде үлкен жауапкершілік журналистердің мойнына жүктеледі», – дейді Орхан Хасаноғлұ.

Әзірбайжан-Кипр достық қоғамының қызметі мен мақсаттары туралы әңгіме өрбіткен Орхан мырза өз елінің білім саласы хақында баяндады. Екі ел арасындағы білім мен тәжірибе алмасу жұмыстары талқыланған баспасөз маслихатында Әзірбайжанның Қазақстанмен бірлесіп жаңа жұмыстар жасайтынын ерекше атап өтті.  Сапар барысында  келісімшарттарға қол қойылып, бірқатар жобалар талқыланып, жаңа бастамаларға жол ашылды.

NAR.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған